Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Назарбаев сыбайластарымен бірге активтерін сатуға асығып жатыр

БІШКЕК. 18 қаңтар. Нұрсұлтан Назарбаев пен оның сыбайлас олигархтары өз активтерінің бір бөлігін өте жақын арада өзбек магнаты Алишер Усмановқа сатулары мүмкін. Бұл туралы қырғыздың K-News.kg сайты хабарлады.

«Қазақстанда тәртіпсіздіктер басталғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаевқа етене жақын шеңбердегі олигархтар Александр Машкевич, Патох Шодиев Қазақстаннан кетіп қалды. Олардың барлық активтерінің кемінде 40 пайызы Назарбаевқа тиесілі. Мәнбе бұл үштікке Қазақстан металлургиясындағы барлық активтерін Алишер Усмановқа 3 млрд долларға сату секілді бас тарту қиынға түсетін ұсыныс түсіп жатқанынын мәлімдеді», – делінген хабарламада.

Кезінде Александр Машкевич, Патох Шодиев және марқұм Алиджан Ибрагимов үшеуінің блогы «Еуразиялық үштік» деп аталды. Бұл олар құрған Natural Resources Corp. (ENRC компаниясының атауынан шыққан. Кейін ол Eurasian Resources Group (ERG) деген атқа өзгертілді. Осы үш дос бизнесмен Қазақстанның тау-металлургиялық империясын басқарды. Олар компания акциясының 60 пайызына ие болса, қалған 40 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевтың бір өзіне тиесілі еді.

Financial Times газетінің жазуынша, қазір Қазақстан жері байлығының 55 пайызын 162 адам егеленіп отыр. Бұлардың басым бөлігін Нұрсұлтан Назарбаевтың әулеті мен күйеу балалары, құда-жекжаттары мен рулас туыстары құрайды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button