АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Президент «Байқоңыр» кешенінің арнайы уәкілін орнынан босатты
БАЙҚОҢЫР. 17 қаңтар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» кешенінің арнайы уәкілі Серік Сүлейменовті қызметінен босатты. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Сүлейменов Серік Жүсіпұлы Қазақстан Республикасының «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы уәкілі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың дүйсенбідегі хабарламасында.
Сүлейменов арнайы уәкіл қызметіне 2020 жылы тағайындалдыі. Сол жолы ол осымен бірге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып бекітілген еді.