Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Назарбаев Nur Otan партиясы төрағалығынан кетті

АСТАНА. 23 қараша. Республикалық Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияны бұдан әрі басқара беруден бас тартты. Бұл туралы BaigeNews.kz хабарлады.

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы лауазымының өкілетін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыруға шешім қабылдады.

«Партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев партияны елдің Президенті басқаруға тиіс екенін айта келіп, Nur Otan партиясының төрағасы лауазымының өкілетін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізуге шешім қабылдағанын жеткізді. Өкілдікті тапсыру процедурасы партия жарғысына сай жүргізіледі», – деді Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі өз аккаунтында.

Назарбаев 2019 жылдың наурызында Президент өкілеттігін өткізген кезінде Nur Otan төрағалығын өзінде алып қалған еді. Ол сонымен бірге елдің Қауіпсіз кеңесінің өлгенше төрағасы болып бекітілген еді.

2021 жылдың көктемінде Назарбаев сондай-ақ Қазақстан халықтары ассамблеясы төрағалығын да Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған еді, бірақ өзі онда құрметті төраға болып қала берді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button