«Парасатты отбасы-2021» байқауының жеңімпаздары марапатталды
ТАРАЗ. 19 қазан. Жамбыл облысында «Парасатты отбасы-2021» байқауының жеңімпаздары сый-сияпатқа ие болды. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Байқауды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және облыстық білім басқармасының бірлесіп ұйымдастыруды.
Марапаттау рәсіміне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, Сыбайлас жемқорлыққ қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов, сондай-ақ қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты қоғамның негізі болып табылатын отбасылық құндылықтарды кеңінен дәріптеу, отбасы мүшелері арасында бауырмалдық, қайырымдылық, ізгілік қарым-қатынастарды қалыптастыру, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, қазіргі заманғы отбасының парасаттылық мәдениетін дамытудың тиімді тәжірибесін тарату болды.
Байқаудың аудандық (қалалық) кезеңдеріне 11 413 отбасы қатысып, өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде жарияланды.
Облыстық байқауға 112 отбасы қатыстырылып, үздік деп танылған 19 отбасы 10 аталым бойынша жеңімпаз атанды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған отбасылар:
«Парасатты отбасы» номинациясы бойынша:
Исаевтар отбасы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан мектеп-гимназиясы;
«Жомарт отбасы» номинациясы бойынша:
Нағашыбаевтар отбасы, Байзақ ауданы, Ақшолақ орта мектебі;
Досымовтар отбасы, Жамбыл ауданы, Қ.Сартбаев атындағы орта мектеп;
Төлмағамбетовтер отбасы, Сарысу ауданы, Б.Қашықынбаев атындағы орта мектеп;
«Ең салауатты отбасы» номинациясы бойынша:
Сиязбаевтар отбасы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебі;
Бекзадаевтар отбасы, Жамбыл ауданы, Айша бибі орта мектебі;
Хусайновтар отбасы, Сарысу ауданы, Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназия;
«Интеллектуалды отбасы» номинациясы бойынша:
Ерғалиевтер отбасы, Жамбыл ауданы, Б.Кейкиев атындағы орта мектеп;
Меркібековтер отбасы, Меркі ауданы, №17 мектеп-гимназия;
«Шеберлер отбасы» номинациясы бойынша:
Майнашевтар отбасы, Жамбыл ауданы, Б.Тайшапов атындағы орта мектеп;
Нәшентаевтар отбасы, Сарысу ауданы, Әйтеке би атындағы орта мектеп;
«Өндірістегі үздік отбасы» номинациясы бойынша:
Әбубакировтар отбасы, Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек орта мектебі;
Қыдырбаевтар отбасы, Тараз қаласы, №16 орта мектеп;
«Шығармашыл отбасы» номинациясы бойынша:
Балтабаевтар отбасы, Жамбыл ауданы, Айша бибі орта мектебі;
Ибәділда отбасы, Тараз қаласы, №53 мектеп-гимназия;
«Өнерлі отбасы» номинациясы бойынша:
Орғановтар отбасы, Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназия;
Ергешовтар отбасы, Сарысу ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия;
«Үздік оқырман отбасы» номинациясы бойынша:
Бринж-Огылылар отбасы, Тараз қаласы, №2 орта мектеп;
«Көп тілді отбасы» номинациясы бойынша:
Айтжан-Бабаевтар отбасы, Тараз қаласы, №6 орта мектеп.
Байқаудың қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаз отбасылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздар атанған отбасылардан «парасаттылық елшілері» лекторлар пулы қалыптасатын болады. Олар ерікті түрде қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға, әдептілікті дамытуға бағытталған дәрістер мен тренингтерге лекторлар ретінде шақырылады.