Ресей Думасы күйеусіз әйелдерді Түркияға жібермеуді ұсынды
МӘСКЕУ. 18 қазан. Ресей Мемлекеттік думасының депутаты ресейлік күйеусіз әйелдерді Түркияға жібермеуді ұсынды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Депутат ұсынысты аталған елдің кейбір еркектерінің Ресей әйелдеріне қатысты әрекеттерінің әдептілік нормасына сәйкес келмейтінімен байланыстырды. Оны Думаның отбасы, әйелдер мен балалар комитеті төрағасының орынбасары Виталий Милонов жеткізді.
«Орыстың көптеген қыздары түрік жылпостарының қошеметтеріне түсіп қалғандарын өздері ұқпай қалады. Олар зор махаббат турасында әдемі жырлайды. Бірақ кейін пайда болған бала түрік әкенің қолында қалады, анасы ешқандай құқықтық теңдік ала алмай елге қайтады», – деп орыс әйелдерін сақтандырды Милонов.
Оның пікірінше, Түркияда алданып қалатын орыс қыздары көп. Оларды жергілікті жігіттер жақсы айналдырады, сосын мас қылып тастап, ойларына келгендерін істейді. Бұған түріктер Солтүстік Кипрден әкелген сапасы төмен спиртті ішімдіктерді пайдаланады.