Тараздың түбіндегі қоймаларда тағы жарылыс орын алды
ТАРАЗ. 10 қазан. Бүгін таңертең сағат сегіз жарымға жақын уақытта Таразға таяу маңда тағы да жарылыс болды. Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
«10 қазан күні сағат 7.20-да Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік қару-жарақтар қоймасында от қауіптілігі бар жарылғыш зат ертерек бүліншілікке ұшырауы салдарынан тұтанып кетті», – делінген хабарламада.
Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жедел түсіндірме берді.
«Жарылыс нәтижесінде жарқыншақтар мен заттар бөлшектерінің алысқа ұшуы оқиғасы орын алған жоқ. Бұл уақытта қоймада жұмыс жүрмеген, оның жанында адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстарға залал келтірілмеген. Аудандағы ахуал бірқалыпты», – деп баяндайды министрлік.
Бірақ әскерилер мұндай оқиғалардың тағы орын алуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұдан бөлек, қойма территориясында қару-жарақтарды жою жұмыстары бақылауға алынады.
Қазір техникалық территорияны жарылыс қаупі бар заттардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда 26 тамызда қатты жарылыс болған еді.