Қырғыз қыздары Мәскеуде жаппай төбелес ұйымдастырды
МӘСКЕУ. 1 қазан. Ресей астанасына келген қырғыз қыздары жаппай төбелес ұйымдастырып, полицияның дәргейіне алынды. Бұл туралы «Царьград» хабарлады.
Төбелес Мәскеудегі Хачатурян көшесінің бойында орын алды. Құқық қорғау органдарындағы мәнбенің баяндауынша, төбелесті Ресейге Қырғызстаннан келген бір топ қыз бастаған. Бірақ жанжал тым ұзаққа созылмапты, артынша полиция келіп, оған қатысушылардың барлығын алып кетіпті.
Жұдырықтасу өнері кейіпкерлерінің басым бөлігі жас қыздар көрінеді. Тек біреуінің ғана жасы 40-қа таяп қалыпты.
Төбелес қырғыз қыздары мен жергілікті орыс тілді бойжеткендер арасында тұтанып кеткен. Бәрі жай сөзге сөз қайтарып, ілінісу сәтінен өрбіген. Аяғында сөзге тоқтау мүмкін болмай бара жатқанда, мигранттар жұдырықтары мен аяқтарына ерік берген.
Әзірге Қырғызстаннан келген қыздардың Мәскеуде тіркелімдері бар-жоқ екені белгісіз.