Комплаенс-офицерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреседі
НҰР-СҰЛТАН. 24 қыркүйек. Биылғы 21-22 қыркүйек күндеі елордада «Комплаенс саласындағы мамандарды оқыту бағдарламасы» тақырыбында оқыту семинары өтті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің елорда қалалық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараны Сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі мен «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты үздік халықаралық тәжірибелерді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізу практикасын зерделеу арқылы корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру болды.
Тренерлер ретінде агенттіктің превенция қызметінің басқарма басшысы, аса маңызды істер жөніндегі офицері және «Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс-қызметінің басшысы сөз сөйледі.
Онлайн-семинардың тыңдаушылары қатарын «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері құрады.
Жиынның теориялық бөлімінде қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу туралы өзекті ақпаратты алды және талқылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру шеңберіндегі әдістемелік ұсынымдары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің міндеттері, функциялары мен есептілігі қаралды.
Онлайн-семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды тиісті түрде жүргізу, мүдделер қақтығысын анықтау және шешу, сондай-ақ қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау ұйымда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру үшін негізді қалай қамтамасыз ететінін білді.
Семинардың практикалық бөлімі барысында қатысушылар ұйымда комплаенс бөлімшелерін құру принциптерін, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету үшін жедел желі құру құралдарын, сондай-ақ контрагенттердің сенімділігін тексеру рәсімдерін зерделеді.
Теориялық және практикалық бөлімдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер қызметі шеңберіндегі кейстер қаралды.
Курс қорытындысы бойынша қатысушылар «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік университетінен оқығаны туралы сертификаттар алды.