Мектеп оқушысы ашық сабақта Путиннің қателігін түзеді
ВЛАДИВОСТОК. 3 қыркүйек. Воркуталық мектеп оқушысы Никанор Толстых Ресей президенті Владимир Путиннің Владивостоктағы «Океан» балалар орталығында өткен ашық сабақ кезінде жіберген қателігін түзетті. Бұл туралы «Газета.Ru» хабарлады.
Ашық сабақ «Россия 24» телеанасының тікелей эфирі арқылы жүргізілді.
Путин сабақ барысында Петр Біріншінің XVIII ғасырдың басында Швециямен арада жүргізілген Жетіжылдық соғысты басқарғанын тілге тиек етті. Сол кезде сонау Қиыр Сібірден келген жасөспірім бала қол көтеріп, сөз сұрады. Ал рұқсат берілгеннен кейін ол әңгіменің шын мәнінде Солтүстік соғыс туралы болып тұрған болуы керек екенін айтты.
«Мені дұрыс түсінбей қалмаңыз… Жалпы алғанда, бұл – Жетіжылдық соғыс емес, бар болғаны – Солтүстік соғыс. Солтүстік соғыс 1700-1721 жылдар аралығында жүрді», – деді бала.
«Иә, бұл Солтүстік соғыс, әрине. Түзеткенің үшін рахмет», – деп жауап берді бұған Путин.
Оқушының мұғалимасы кейнірек «Газета.Ru» тілшісіне шәкірті туралы айтып берді.
«Мен баланың мұнысы жарамдылық деп есептеймін. Президентті түзетуінің өзі оның дұрыс емес нәрсеге бейжай қарай алмайтынын, принципінде өтірік айта алмайтынын көрсетті, онда қорқушылық жоқ. Бәлки, мен үндемей қалатын шығармын. Бәлкім, басқа балалардың үндемей қалғандары – бұл соғыс туралы білмейтін шығар немесе ұялған болулары керек. Ал Никанорда бәрі аяқ астынан шығып кеткен болуы мүмкін, мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ», – деді оқушының ұстазы.
Бұған керісінше, № 35 мектептің директоры баланың мемлекет басшысының сөзін түзетуі дұрыс емес деп санайды.
Қалай дегенде де, бұл оқиға Путиннің өзі басқарып отырған елдің тарихын оншалықты жетік біле қоймайтынын айдай әлемге паш етті.
Айтқандай, Владимир Путин бұған дейін де Ресей императоры Петр Біріншінің Жетіжылдық соғысты бастан кешкенін бірнеше жерде айтқан еді. Шын мәнінде бұл соғысқа Петр Біріншінің қатысуы мүмкін емес-тін. 1672-1725 жылдары өмір сүрген Петр 1682 жылы 10 жасында патша болып, 1721 жылы 49 жасында император болып сайланды. Арада небәрі 4 жыл өткесін, 53 жасында бақилық болып кетті. Ал XVIII ғасырдағы ең ауқымды болған Жетіжылдық соғыс 1756-1763 жылдары, яғни Петр өлген соң 31 жылдан кейін басталды. Оған Еуропаның барлық үлкен державалары қатысты. Ол және Ресейдің Швециямен соғысы болған жоқ. Швециямен арада өткен, жоғарыда оқушы бала сөз ететін, 21 жылдық соғыс болатын.
Осы кезге дейін Ресей мемлекет басшысының маңайынан оны бұл қате версиядан сақтандыратын бір тарихшының табылмағаны таң қалдырады.