Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайта оралды

ТУРИН. 27 тамыз. Бүгін Португалия құрамасы мен Италияның «Ювентус» командасының форварды Криштиану Роналду ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубына ауысқаны белгілі болды. Бұл туралы «Еуроспорт» хабарлады.

«Ағылшын премьер-лигасы «Манчестер Юнайтедтің» су жаңа форварды түріндеге жаңа ойынша Криштиану Роналдуға сәлем жолдайды. Футболшының «Олд Траффордқа» оралып, манкуиандықтармен келісімшартқа отырғаны ресми түрде жарияланды», – делінген хабарламада.

Манкуниандықтардың ресми сайты «МЮ клубтың «Ювентуспен» Криштиану Роналдудың трансфері жөнінде келісімге қол жеткізгенін, ендігі мәселе жеке шарттарға, виза мен медициналық тексеруге ғана қарап тұрғанын қуана жеткізеді», – деп жазды.

Келісімнің қаржылық жағының егжей-тегжейін тараптар ашып айтып отырған жоқ.

Әзірге 36 жастағы португал футболшысы командамен 2023 жылға дейін келісімшартқа отыратыны және оның аптасына 314 мың еуро жалақы алып тұратыны айтылып жатыр.

Криштиану «Ювентустың» сапында 2018 жылдан бері ойнап келді.

Ал 2003-2009 жылдары «Манчестер Юнайтедтің» құрамында болды. Осы командамен бірге үш рет Англияның чемпионы атанды, екі рет – Англия лигасының, бір мәрте елдің Кубогын жеңіп алды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button