«Талибан» Ауғанстанда Ислам әмірлігі құрылатынын жариялады
КАБУЛ. 16 тамыз. «Талибан» қозғалысының басшылары Ауғанстан жерінде ислам әмірлігін құруға ниетті екендерін мәлімдеді. Бұл туралы «Франс Пресс» хабарлады.
Тәліптер күтпеген жерден аса жылдамдықпен Ауғанстан астанасының басым бөлігін басып алды. Батыс елдердің елшілері, олардың азаматтары мен бірқатар жергілікті тұрғындар әзірге Кабул әуежолы ғимаратында отыр. Олар соңғы бірнеше күн бойы эвакуациялануы керек.
Оқиға былай өрбіді. Тәліптер таңертең Кабулге жақын келіп, қантөгіс болмас үшін оған кіргілері келмейтіндерін жеткізді. Олардың өкілдері осыдан кейіін келіссөз жүргізу үшін президент сарайына барды. Ал бірнеше сағат өткеннен кейін президент Ашраф Ганидің Ауғанстаннан кетіп қалғаны мәлім болды. Ол кейінірек «Фейсбукке» қантөгіс болмауы үшін кетіп қалғанын жазды.
Содан кейін тәліптер кө ұзамай президент сарайына келіп кірді. Олардың өкілдерінің айтуынша, қазір олар қаланың 11 ауданына бақылау жасап отыр екен.
АҚШ елшілігі өз персоналын Кабул аэропортынан ұшырып жібере бастады. Бұдан бөлек, Франция, Германия, Канада секілді тағы бірқатар батыс елдері өз азаматтарын алып қайту үшін ауған жеріне әскери ұшақ жіберетіндерін мәлімдеді.
«Ауғанстан президенті Ашраф Гани өзінің әлемде әлі толық қалыптасып болмаған елдің жетекші сарапшыларының бірі болып саналатынын айтып мақтанушы еді, нәтижесінде өз үкіметінің құлағанынан өзі куә болып, сол елден қашып бара жатыр», – деп жазды француздың «Франс Пресс» агенттігі.
Агенттік Ашраф Ганидің күйреуге ұшырауына бірінші кезекте оның ауған билігінде тамырын тереңге жайған жемқорлықты жеңуге қабілеті жетпегені алып жеткізді, деген ойды білдіреді. Ал елге оралғанға дейін ол АҚШ-тағы жетекші ғалым-экономистердің бірі болып еді, деп жазады Би-би-си.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ақ үй әкімшілігінің Ауғанстандағы жағдайды болжауда қатты қателік жібергенін мойындады.
Шілде айында ғана Джо Байден ауған үкіметінің тәліптерді өз күштерімен жеңе алатынын айтып еді. Расында олай болмады.
Кабулды басып алға «Талибан» жақын арада елде Ауған Ислам әмірлігі құрылатынын жариялады. 1996-2001 жылдары Ауғанстан территориясында «Талибан» қозғалысының қарауына қараған жерлер осылай аталып еді. Сол уақытта өзін өзі жариялаған бұл құрылымды Пәкістан, Сауд Арабиясы және Түрікменстан атты елдер ғана мойындаған болатын.