Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Токио-2020: Қырғыздар екінші күміс медальға қол жеткізді

ТОКИО. 4 тамыз. Қырғызстандық Айсулуу Тыныбекова бүгін әйелдер күресінде күміс медальға қол жеткізді. Бұл туралы K-News.kg хабарлады.

Қырғыз қызы 4 тамыз күні жапон Юкако Каваимен алтын медальды сарапқа салды. Бұған дейін бұл қарсыластар бір-бірімен үш рет кездескен екен. Оларда Айсулуу екі рет жеңіп, бір рет жеңіліпті. Бұл жолы жапон қызы 4:3 есебімен басым түсіп, алтын медальды алып кетті. Ол соңғы 4 секундтің ішінде бір ұпайды артық алды. Сөйтіп, қырғыздың екінші палуаны да қарсыластарынан бір ұпайға ғана ұтылып, күміс медальды қанағат тұтып қалды. Мұның алдында Ақжол Махмудов та венгер бәсекелесінен солай жеңіліп еді.

Осыдан кейін Қырғызстан құрамасы 64-орыннан үш саты ілгері жылжып, 61-орынға орналасты.

Бүгінгі күннің жарыстары бойынша алғашқы ондық пен посткеңестік елдер спортшылары турнир кестесінде былайша орналасты:

  1. Қытай;

2. АҚШ;

3. Жапония;

4. Ұлыбритания;

5. Австралия;

6. Ресей;

7. Германия;

8. Франция;

9. Италия;

10. Нидерланд;

23. Грузия;

30.Өзбекстан;

37. Украина;

53. Беларусь;

53. Эстония;

53. Латвия;

61. Армения;

61. Қырғызстан;

71.Түрікменстан;

75. Қазақстан;

76. Әзербайжан.

Қазақстан құрамасының қоржынында 4 қола медаль бар. Оларды Елдос Сметов (дзюдо), Зүлфия Чиншанло, Игорь Сон (ауыр атлетика), Қамшыбек Қоңқабаев (бокс) жеңіп алды. Қамшыбек Қоңқабаев бүгін жартылай финалда америкалық жас боксшы Ричард Торрестен ұтылып, қола медальды қанағат тұтты.

Ертең боксшы Сәкен Бибосынов жартылай финалда сынға түседі.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button