Юлдуз Усманованың соты бойынша ресми мәлімдеме берілді
ТАШКЕНТ. 17 шілде. Ташкент қаласы Мирзо Улуғбек аудандық сотының баспасөз қызметі белгілі әнші Юлдуз Усманованың ісі бойынша ресми мәлімдеме берді. Бұл туралы Sof.uz хабарлады.
Биылғы жылғы 15 маусым күні талапкер Тәжімұратов Дәулетмұрат Мырзамұратұлы Мирзо Улуғбек аудандық сотына Усманова Юлдуз Ибрагимқызының үстінен талап-арыз берген еді.
Талап шағымына қарағанда, талапкер Өзбекстан халық әртісі Юлдуз Усманованың концертінде әнші тарапынан «Қарақалпақстан, сіздер неге бұл Қарақалпақстан болады деп айтуларыңыз мүмкін, мұндай атпен өмір сүру оңай емес, бірақ ол – Өзбекстан халқы бауырайы ішіндегі, оның шапаны ішіндегі бір халық» деген сөз естіледі, бұл сөздер Қарақалпақстан халқы кемсіткендік, «бұл жерде тұру оңай емес» дегені жергілікті тұрғындарға қатты тиген. Осыған намыстанған Дәулетмұрат Тәжімұратов әншіден Қарақалпақстан халқынан кешірім сұрауды талап етті.
Осыған байланысты өтетін бірінші сот отырысы 7 шілде күні сағат 14:00-ге белгіленген еді. Бірақ жауапкер Юлдуз Усманова соттан өзінің денсаулығы жақсы еместігі себепті оны кейінге қалдыруды сұраған екен.
Сол сот кеше өтуге тиісті еді, бірақ ол бұл жолы да кейінге қалдырылыпты.