«Көгілдір отынның» бағасы көңілден шықпайды
Қызылорда облысы «Ардагерлер дауысы» қоғамдық бірлестігінің Ашық хаты
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа
Көшірмелері:
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ғ.Д.Нұрдаулетовке
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы А.К.Дарбаевқа
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Г.С.Өтегенованың 25.05.2021 жылғы хатына сәйкес, Қызылорда қаласында орналасқан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Қызылорда облысының газ тұтынушы халқын қамтамасыз ету үшін тауарлық газды газ таратушы және магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметінің тарифі және тарифтік сметасын, мың текше метрге құн салығымен 20 902,93 теңге шекті баға белгілеген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 11.09.2019 жылғы №17-НҚ бұйрығымен берілген, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы тауарлық газды газ таратушы және магистралдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру функциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 22.11.2019 жылғы № 44-НҚ бұйрығымен аталған филиалдың тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметінің тарифі және тарифтік сметасы, қолданыстағы тарифі 34.6 пайызға төмендетіліп бекітілген және осы бұйрыққа сәйкес Қызылорда облысының газ тұтынушы халқы үшін газды бөлшек саудада өткізудің мың текше метрге құн салығымен 20 902,93 теңге шекті бағасы, 17 351,52 теңгеге дейін 17 пайызға төмендетілген.
06.02.2020 жылғы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның 22.11.2019 жылғы аталған № 44-НҚ бұйрықтың күшін жою жөніндегі берген талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған және 04.06.2020 жылғы Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен сот шешімі күшінде қалдырылған.
05.10.2020 жылғы ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен аталған сот актілерін қайта қарау жөніндегі өтініші қараудан бас тартылған.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 22.11.2019 жылғы № 44-НҚ бұйрығы заңды күшінде.
Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы, 1 жыл 8 ай бойы негізсіз сылтаулар айтып және сот сатыларына берген шағымдарын негізге алып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 22.11.2019 жылғы №44-НҚ бұйрық талабын 2021 жылдың бүгінгі күніне дейін орындамаған.
Солай бола тұра, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы, 1 жыл 8 ай бойы 22.11.2019 жылға дейінгі қолданыста болған тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметінің тарифін пайдаланып, газ тұтынушы Қызылорда облысының халқының заңмен кепілдік берген құқықтары мен бостандықтарын бұзып, заңсыз жолмен тасымалдау қызметі үшін жүздеген миллион теңге артық ақша төлеткен және әлі де осы күнге дейін артық ақша төлетуді тоқтатпай отыр.
Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті мырза!
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 22.11.2019 жылғы № 44-НҚ бұйрығын орындаудан бас тартып, Қызылорда облысының халқының заңмен кепілдік берген құқықтары мен бостандықтарын бұзуын тоқтатпай отыр.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 22.11.2019 жылғы №44-НҚ бұйрық талабын бүгінгі күнге дейін 1 жыл 8 ай бойы орындамай отырған заңсыз әрекеттері бойынша ықпалды шаралар қабылдау жөнінде Қызылорда облыстық прокуратурасына «Ардагерлер дауысы» қоғамдық бірлестігі атынан жазбаша хабарланды.
Алайда, Қызылорда облыстық прокуратурасы біздің хатымыз бойынша, Қызылорда облысының халқының заңмен кепілдік берген құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және аталған бұйрықтың орындалуына байланысты тиісті шара қабылдамай, құзіреті жоқ мекемелерге жолдаумен ғана шектеліп отыр.
Осыған орай, Сізден:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 22.11.2019 жылғы № 44-НҚ бұйрығын, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына дереу және тез мәжбүрлеп орындатуға;
2) тұтынушылардың артық төлеген төлемақыларын кері қайтаруға ықпал жасауыңызды сұраймыз.
Құрметпен, «Ардагерлер дауысы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері:
Ж.Шарипов, И.Абибуллаев, Қ.Баймаханов, Ө.Жүсіпов, Б.Маншарипов, М.Бимурзаев, Н.Жолдасбаев.
Қосымша: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Г.С.Өтегенованың және облыстық прокуратураның хаттары қоса тіркелді.
Қызылорда қаласы, 29.06.2021 жыл