АймақЖаңалықтар жаңғырығы

«Тұран ойпаты – Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінің құрылтайы өтті

АРАЛ. 23 маусым. Бұрнағы күні Арал қаласында «Тұран ойпаты – Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінің құрылтай жиыны болып өтті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Құрылтайдың алғашқы бөлігі Орталық парк алдындағы алаңда басталды. Бірақ бұл уақытша жабылып қалған саябақ еді. Сондықтан мұнда жиын ұйымдастыруға рұқсат берілген жоқ.

Бұдан кейін құрылтайдың екінші бөлігі мәдениет үйінде жалғасты. Өкінішке орай, алдын ала өтініш берілсе де, ресми органдар мұнда жиын өткізуге рұқсат етпеген екен. Жиынға жиналушылар соған қарамастан, құрылтайдың шешуші кезеңін осында өткізуге мәжбүр болды. Бұған далада күннің ыстық болуымен бірге кедергі келтірушілердің көп кездесуі әсер етті.

Осылайша жартылай сүргінмен өткен құрылтай өзінің алдына қойған мақсатын толық орындап шықты.

Қоғамдық бірлестіктің жиыны соңында тиісті шешім қабылдады. Ол мынадай тармақтардан тұрады: 1.Арал қаласында Қытайдың сода зауытын салуға жол берілмесін; 2.Сырдария өзені бойына су қоймалары салынбасын. 3.Арал өңіріне «еркін экономикалық аймақ» мәртебесі берілсін; 4.Малдың қырылуына сай дереу төтенше жағдай жариялансын; 5. «Арал тағдыры» атты халықаралық конгресс өткізуге дайындық басталсын. 6.Халықаралық «Аралды құтқару» қорының орталығы Арал қаласына көшірілсін.

Мұның бәрі, әрине, тиісті жоғары билік органдарынан талап етіліп отыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button