Талибтер Ауғанстанның түйінді ауданын басып алды
КАБУЛ. 22 маусым. Ауғанстандағы «Талибан» террорлық ұйымының содырлары елдің Имам Сахиб деген ауданын басып алды. Бұл туралы «Lenta.ru» хабарлады.
Осыған байланысты «Милитарист» telegram-арнасы оқиға болған жерден видео жариялады. Оның кадрларында ауған армиясы солдаттарының барлық қару-жарақтарымен және әскери техникаларымен бірге талибтерге қалай беріліп жатқандары бейнеленген. Басылымның ақпарынша, тобырдың басшысы Забихулла Муджахед терроршылардың осы аймақты басып алғанын растады.
Хабарламада басып алынған ауданның Тәжікстанмен шекаралас болуы оның ауған билігі үшін түйінді болып табылатыны айтылған. Имам Сахиб Орталық Азиядан зат келетін маршрутпен қатарлас орналасқан.
Ресми мәліметке қарағанда, АҚШ-тың Ауғанстаннан әскерлерін әкету жөнінде шешім қабылдағанынан кейін «Талибан» тарапынан шабуыл жасалуы жиілей түскен. Қазір талибтер елдің 34 провинциясының 26-сында билік өкілдерімен ұрыс жүргізіп жатыр.