ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
«Суретке түсу үшін келдің бе?» Министрге осындай сұрақ қойылды
БІШКЕК. 18 маусым. Қырғызстанның Нарын облысында бір әйел денсаулық сақтау министріне осындай тосын сұрақ қойды. Бұл туралы K-News.kg хабарлады.
Қырғызстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиев жұмыс сапарымен Нарын облысына келгенде жұртпен қайта-қайта суретке түсе бастаған екен. Сол кезде бір әйел шыдамай кетіп, оған осылай дейді. Сол сәт бейнеленген видео «Апрель» ТВ телеарнасының Telegram-каналында пайда болған.
Көргендердің айтуларынша, кездесу кезінде Бейшеналиевке ешқандай сұрақ қоймаған, ол жұртпен суретке түсе бергесін, бірден шу көтеріп, ұрыс шығарған. Видеода әйелдің «Сен мұнда суретке түсу үшін келдің бе? Этика қайда? Саған тек сурет керек пе? Сол сурет үшін келіп пе едің?» деп жатқаны көрінеді.