Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Супермодель Кэмпбелл 50 жасында бірінші рет ана атанды

ЛОНДОН. 22 мамыр. Британиялық супермодель, актриса Наоми Кэмпбелл 50 жасында бірінші рет қыз туып, ана атанды. Бұл туралы оның өзі Инстаграмм парақшасында хабарлады.

«Ғажайып кішкентай жаратылыс мені ана ретінде таңдап алды. Мен үшін осындай нәзік жанды ана болу – үлкен құрмет. Махаббаттан күшті ештеңе жоқ», – деп жазды ол.

Кэмпбелл ертеректе «U2» тобының бас гитарашысы Адам Клейтонмен некелескен еді, алайда, бір жылдан кейін олар ажырасып кетті. Кейінірек актер Леонардо Ди Каприомен жақсы қарым-қатынасы болды, сосын «Формула-1» шабандозы Флавио Бриаторемен некеге тұрып, ұзамай тағы ажырасты.

Кэмпбелл 2008-2013 жылдар аралығында ресейлік белгілі бизнесмен Владислав Доронинмен кездесіп жүрді. Ал өткен жылғы қыркүйекте кәсіпкер модельді сотқа беріп, өзіне қайтаруға тиісті бірнеше миллион ақшасын алуға әрекет жасады.

Бұдан бөлек, супермодельдің актер Роберт Де Ниромен, музыканттар Шон Комсбспен, Ашермен, Лиам Пейнмен және Скептамен романы болғаны айтылады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button