26 Тамыз, 20:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Путиннің майдан жайлы ертегілері Z-патриоттардың да ығырын шығарды

27 Маусым 2023 22:27
- Жаңалықтар, Жаһан
Путиннің майдан жайлы ертегілері Z-патриоттардың да ығырын шығарды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 27 маусым. Ресейдің Z-патриоттары президент Владимир Путиннің өз армиясының майдан даласында табысты соғысып жатқанына сенетініне әбден зәрәзап болды. Бұл туралы ресейлік ресурстар ақпаратына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Пропагандистердің сорына, РФ диктаторы «арнайы соғыс операциясының» жоспар бойынша жүріп жатқанын айтудан жалықпай-ақ қойды. Бүгін, 27 маусым күні Кремльде әскери қызметкерлерді қабылдап, жиын өткізген Путин тағы өзінің қиял-ғажайып ертегісі желісіне кіріп кетіп, қисынға соқпайтын бөстекі әңгімелердің отын біраз қаузады. Ол РФ әскерлері маусым айында ғана Украина Қарулы күштерінің мыңнан (!!!) аса танкілері мен броневиктерін жойып жібергенін айтты.

Украина қорғаныс министрлігіне бітіп көрмеген мұншама танкіні Ресей оккупанттары қайдан тауып алып жүргенін бір құдай білсін. Осыған ызаланған Z-каналдар патриоттары: «Майдандағы жағдай қазір бұрынғы қай кездегіден де жақсы?! Сіз не, шынымен жынданғансыз ба?» деп ашуланып, өз көсемдерін жерден алып, жерге салуға кірісіп кетті.

Путиннің болжамы (ертегісі) бойынша, Ресей армиясы осы маусым айында украинның 259 танкісі мен 780 бронды машинасын отқа орап жіберген сияқты. Оның сөзіне қарағанда, украиндар тек өткен аптада ғана 280 техника бірлігінен айрылып қалыпты-мыс. Бірақ рашистер көсемі мұншалықты аса көрнекті «жеңістерге», әлбетте, әлдеқандай бір айғақ пен дәлел келтіріп жатпады, тап осылай аузымен опырып тұрып айта салды.

Путиннің осылай не өзі ойдан шығарып алатын, не Шойгу мен Герасимовтың өтіріктерін қылғытпай жұта беретін «табыстарын» белорус диктаторы Александр Лукашенко да бірнеше рет естіген екен. Ол бүгін бұған «вагнерліктердің» бүлігі кезінде майданда қандай жеңісті шайқастардың орын алғанын айтып мақтаныпты.

«Мені майдандағы оқиғалар жайында құлағдар етті. Оның: «Сен білесің бе, таң қалатын нәрсе, қазір майдандағы жағдай бұрынғы қай кездегіден де жақсы» деді. Мен сосын: «Көрдің бе, жағдай барлық жерде бірдей жаман емес қой» дедім», – деп әңгімеледі Лукашенко.

Ресейдің Z-арналары мынадай мәлімдемеден кейін естен танып қалғандай күй кешті. Ресейдің оккупант әскери тілшісі Егор Гузенко өз ашуын тежеп тұра алмады. «Майдандағы жағдай бұрынғы қай кездегіден де артық?! Сіз не, шынымен …. (е*анулись) қалғансыз ба? Мына мен, шынын айтсам, мына сөздер үшін бар ашу-ызамды төгіп сала жаздап, өзімді соңғы күшіммен ұстап тұрмын. Ызадан тістерім шықырлайды», – деп жазды ол.

Президент өз сөзінде Пригожиннің жалдамалыларын РФ армиясы тоқтатты деп те соғып жіберді. «Сіздер қиын жағдайда нақпа-нақ, үйлесімді әрекет жасап, өздеріңіздің Ресей халқы мен берген анттарыңызға адал екендеріңізді көрсеттіңіздер, Отан тағдыры мен оның болашағы үшін жауаптылық таныттыңыздар», – деп көпшік қойып жіберді Путин жиналған әскерилерге.

Жиында Кремльдің қожайыны сондай-ақ «Вагнер» ЖӘК-тың РФ бюджетінен қаржыландырылып келгенін мойындады. Ол Пригожиннің әскери құрылымы өткен жылы 86 млрд рубль алғанын еске түсірді.

Таңбалар: Владимир Путинжиынмайдан

Ұқсас мақалалар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды
Дәулет

Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды

28.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist