КИЕВ. 12 шілде. Бүгін таңертең украин әскерилері Самара облысына шабуыл жасап, Сызрань мұнай өңдеу зауытын соққының астына алды. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Нәтижесінде «Ростнефтьке» қарасты кәсіпорын аумағын кең көлемді өрт жайлады. Келтірілген залалдар толық нақтыланады. Алайда зауыттың көпке дейін істен шыққаны анық.
Алдын ала мәліметтер бойынша, АВТ-6 (қуаттылығы тәулігіне 17,1 мың тонна) және АВТ-5 (7,1 мың тонна) бастапқы қайта өңдеу қондырғылары, сондай-ақ ЛЧ-35/11-600 бензин фракцияларының каталитикалық риформинг қондырғысы бүлінген.
Мұнай өңдеу зауытының үстінде қара түтіннің көптеген тіректері көрінеді. Облыс губернаторы Вячеслав Федорищев «өнеркәсіп кәсіпорынына» шабуыл жасалғанын растады. Оның айтуынша, жеке және көп қабатты үйлер де бүліншілікке ұшыраған. «Салдарынан бір ер адам қаза тапты, тағы үш адам, оның ішінде бала да жараланып ауруханаға түсті,» деді Федорищев.
Қуаттылығы жылына 8,5 млн тонна болатын Сызран МӨЗ бензин, дизель отыны, мазут өндіреді және Самара облысындағы ірі мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірі болып табылады. Бұған дейін Украина Қарулы күштері оған 21 мамырда шабуыл жасаған болатын, содан кейін ол жұмысын тоқтатқан. Осымен, Сызрань зауыты 12-ші рет соққыға ұшырап отыр.
Сондай-ақ, Ұшқышсыз ұшақтар жүйесінің қолбасшысы Роберт Бровди («Мадяр») түнде 4 паром мен Ресейдің «көлеңкелі флотының» 10 танкерінің қиратылғанын мәлімдеді.
USD




