МӘСКЕУ. 18 шілде. Украин дрондары Мәскеу облысы мен Тамбов облысындағы Wildberries қоймаларына шабуыл жасап, күлін көкке ұшырды. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Осы зобалаңда 7 адамның қаза тапқаны айтылып жатыр.
Дрондар жексенбіге қараған түні екі ірі wildberries логистикалық орталығына шабуыл жасады, бұл – елдегі электрондық коммерция нарығының жартысына жуығын алып жатқан ең үлкен маркетплейс. Компанияның Ногинскідегі логистикалық орталығы соққының астында қалды. Нәтижесінде 24 адам зардап шекті, олардың бір бөлігі ауыр жағдайда, деп хабарлады Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев. Бұл жерге 40 «жедел жәрдем» бригадасы мен 12 ТЖМ бригадасы жіберілген.
Воробьевтің айтуынша, Мәскеу облысының үстінде «48 ұшқышсыз ұшақ атып түсірілген». Дрондар Ногинскідегі мұнай базасына да соққы берген, онда өрт шыққан.
Ұшқышсыз ұшақтар Тамбов облысындағы Котовскіде орналасқан Wildberries қоймасына шабуыл жасады. «Нәтижесінде түнгі ауысымның 7 қызметкері, тағы 25 адам қаза тапты», деп хабарлады губернатор Евгений Первышов. Оның айтуынша, зардап шеккендердің 23-і ауруханаға жатқызылған: олардың біреуі өте ауыр, тағы алтауы ауыр жағдайда. Негізінен қойма қызметкерлері сынықтардан жарақат алған.
Wildberries шабуыл кезінде зақымдалған тауарлар үшін сатушыларға өтемақы төленбейді. Шілде айының басында компания мұндай жағдайларды форс-мажор деп таныды. Сонымен қатар, Wildberries негізін қалаушы Татьяна Ким зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына көмектесуге уәде берді.
«Дрон Владимирдегі көп қабатты үйге соқты, пәтерлердің бірінде өрт басталды», деп хабарлады Владимир облысының губернаторы Александр Авдеев. Оның айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғындарға уақытша орналастыру пунктіне эвакуациялау ұсынылған.
Украина президенті Володимир Зеленський Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдарды Ресейдің Украинадағы азаматтық инфрақұрылымдарға жорықтарына қайтарылған жауап деп атады.
USD




