6 Қыркүйек, 08:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұры даланың улы жыландары

6 Ақпан 2022 17:13
- Көзқарас
Ұры даланың улы жыландары
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Елін ешқашан сүймеген, елі де ешқашан сенбеген елбасының маңайында 20 жыл бойы 162 отбасы аса ірі ұрлық-қарлықпен шексіз байғаны рас. Бірақ, әлгі 162 отбасының да – тағы 162 құда-жекжаты бар емес пе?

Демек, бұл тізім – өте ұзын… Алысқа алаңдамай-ақ, қол жетіміндегіні қармасақ, әрине, Нұрсұлтанның өз құда-жекжаты мен қыздарының құда-жекжаты аланға ілінеді…

Үлкен қыз есебіндегі Дариға Нұрсұл­тан­қызының марқұм ұлы Айсұлтанның қайын атасы Қайрат Боранбаев деген – бұдан бұрын да өзін бейшара еместей көрсетуге тыры­сады, бірақ, ол Бас Ұрының әулетімен құдан­далы болғасын, қаржы-қазына аспаннан жауған аққардай жапалақтап, қаптап сала берді…

Сөз жоқ, ұры болу да – өнер, ұрлықты тыға білу де – өнер. Сондықтан ұры даланың улы жыландарының қай-қайсысының да харам дүние-мүліктерін түгендеп шығу, тіпті мүмкін де емес. Тек көзге түсіп, тілге ілінгенінің бір парасын айтсақ: осыдан жеті жыл бұрын Қайрат Боранбаев – сол кезеңде байлығы $340 млн АҚШ долларына бағаланған, «Қазақстанның ең бай 50 кәсіпкері – 2016» жеңімпазы, Forbes Kazakhstan рейтингінің 16-шы орынында орналасқан Сержан Жұмашовтан Esentai Tower пен Esentai Mall бизнес ғимараттарың 50 пайызын сатып алған. Сөйтіп, Дариға Назарбаеваның екінші құдасы Қайрат Боранбаев деген – сол жылы-ақ $350 млн АҚШ доллары бақуатты байлығымен Forbes Kazakhstan рейтингінің 15-ші орнына қонжиды…

Әлбетте, Қайрат Боранбаевтың – құрамына А класындағы кеңселер, The Ritz Carlton қонақ үйі, The Ritz-Carlton Residences және Esentai Mall кіретін Esentai Tower алып ғимаратын (Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылы 77/7 мекен-жайында орналасқан) – Capital Partners иесі Сержан Жұмашовтан қаншаға сатып алғаны әлі күнге дейін беймәлім.

Сержан Жұмашовтың айтуынша, аталған зәулім ғимараттарды салу үшін Capital Partners жалпы көлемі шамамен $1 млрд АҚШ долларын (инвестиция) жұмсағанға ұқсайды. Оның ішінде тек қайтарылған несиелер бойынша пайыздар шамамен $350 млн АҚШ долларын құраған көрінеді.

Бұдан басқа, Қайрат Боранбаевтың иелігінде бізге мәлім «Алмалы» сауда және ойын-сауық орталығы, «Бекмамбетов Синема» және Fitnation желілері, Медеу шатқалындағы қонақ үй кешені («Медеу Resort» ЖШС), Рахат Палас (50 пайызы), «Нұр-Май Фармация», «LPG Distribution» ЖШС, «Aifer Oil Trading» ЖШС, «Кемикал» Қазақстан мұнай-химиялық компаниясы ЖШС бар.

Бас баукеспенің үлкен қызының екінші құдасы Қайрат Боранбаев – «Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы, Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті, «Қостанай облысының бокс федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті қызметтерінде де ел қазынасына ауыз салып отыр…

Тағы бір мәселе: Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі кезінде шаһардың ақылы көлік тұрақтарын Қайрат Боранбаев екеуі сыбайласып, тең бөлісіп алған. Қазір Алматыда аурухана мен балабақшаның маңайына көлік қойсаңыз да, Байбек пен Боранбаевтың қалталарына сағатына 100 теңге тұрақақы төлейсіз. Сонда бұл екеуінің ата-бабасынан қалған жер ме, Алматы қаласының жері?!.

Алматы қаласының мәслихат депутаттары азусыз болса, Мәжіліс пен Сенатта кеудесін соғып, тілдері салақұлаштанып: «Абылай хан үш жүздің басын қоса алмап еді…» деп, еңіреген белсендісымақ-қайраткерсымақтардың аузына неге құм құйылып отыр!

Қазіргі мембасы Тоқаевтың ең алғашқы міндеттерінің бірі – 30 жыл қазақты аяусыз тонап-талаған атақты 162 ұры дала жыландары мен олардың 162 құда жекжаттарын қашып кетпей тұрғанда, ұстап қалу, жауапқа тарту, қазақтың қазынасын өзіне қайырып-қайтарып беру. Бұл ұлы міндет орындалмаса, қалған сөздің бәрі – бос әуре, құр қоқан лоққы болып қалады!

Қаржысы қардай жауған Боранбаев,

«Қашып бізден кетпе!» деп, алаңдайық!

…Осы барымталардың ішінде және әрбірінде Нұрсұлтан Назарбаевтың (өзге ныпсыларға жасырылған) тиісті, қомақты үлесі бар екендігі сөзсіз. Бұлар қанағат қылып, тоятын және ұрлығын қоятын күн – ешқашан тумайды!

Құр дәметіп, әуре болмаңдар…

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

 

Facebook

Таңбалар: Дариға НазарбаеваҚайрат Боранбаевұрлық

Ұқсас мақалалар

Дариға Назарбаева отбасымен бірге құны 52,6 млн теңгелік кешке қатысқан
Әлеумет

Дариға Назарбаева отбасымен бірге құны 52,6 млн теңгелік кешке қатысқан

22.08.2024
Боранбаев бас жаттықтырушы Адиевтің орнында қалғанын қалайтынын айтты
Жаңалықтар

Боранбаев бас жаттықтырушы Адиевтің орнында қалғанын қалайтынын айтты

30.03.2024
Назарбаева-Нығматулин тандемі журналистерді сатып ала бастады – Dalanews
Әлеумет

Назарбаева-Нығматулин тандемі журналистерді сатып ала бастады – Dalanews

15.11.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist