8 Қыркүйек, 02:09
RAST.kz
USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Үкіметте медициналық қызметтің сапасын бақылауды күшейту тапсырылды

28 Тамыз 2026 21:57
- Әлеумет, Жаңалықтар
Үкіметте медициналық қызметтің сапасын бақылауды күшейту тапсырылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 28 тамыз. Үкіметте медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін талқылаған кеңес өткізілді. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кеңеске Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Аида Балаева төрағалық етті.

Жиынның кіріспесінде ол Мемлекет басшысының ерекше назар аударуының арқасында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қомақты қаражат бөлініп, медициналық инфрақұрылым мен құрал-жабдықтар кезең-кезеңімен жаңартылып жатқанына назар аударды. Әйткенмен әлі көрсетілетін қызмет сапасын көтеру қажет болып отыр.

Аида Балаева азаматтардың өтініштерін саралау негізгі мәселелердің дәрігер қабылдауы мен диагностикалық тексеруді күту мерзіміне, бейінді мамандарға қолжетімділікке, пациенттерді тиісті мамандарға бағыттауға, дәрі-дәрмекпен қамтуға және жекелеген денсаулық сақтау нысандарының жай-күйіне қатысты екенін көрсеткенін атап өтті.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ақмарал Әлназарова ведомство медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын баяндады. Бұл бағытта пациенттерді қабылдау мүмкіндігін кеңейту, мейіргер ісін дамыту, цифрландыру, инфрақұрылымды жаңғырту және медициналық көмектің сапасын бақылауды күшейту шаралары қолға алынған.

Соңғы екі жылда учаскелік дәрігерлердің қабылдау уақыты төрт сағаттан алты сағатқа дейін ұзартылды. Соның нәтижесінде дәрігер қабылдауын күту мерзімі жеті күннен бір-үш күнге дейін қысқарған.

Көптеген қызмет цифрлық жүйеге көшірілді. Уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, рецепттер және медициналық анықтамалардың 13 түрі электрондық түрде рәсімделеді. Бұл қағаз құжат айналымы мен пациенттердің қайта жүгіну санын азайтып, дәрігерлерге түсетін әкімшілік жүктемені төмендетуге мүмкіндік берді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде шұғыл көмек көрсету үшін соңғы екі жылда 684 шұғыл медициналық көмек кабинеті ашылып, төртінші санаттағы шақыртуларға қызмет көрсететін 988 мобильді бригада құрылған.

Аида Балаеваның тапсырмасымен МСАК ұйымдарындағы педиатриялық бөлімшелердің жұмысы күшейтіліп, балалар денсаулығындағы патологияларды ерте анықтауға арналған 450-ге жуық даму және ерте араласу кабинеті ашылды.

Дәрі-дәрмекпен қамту үдерісі де цифрландырылып жатыр. «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы 9,6 млн электрондық рецепт рәсімделді. Бұл – барлық рецепттің 86%-ы. Сатып алуды жоспарлау оңтайландырылып, 2027 жылға арналған сатып алу рәсімдері бұрынғы жылдармен салыстырғанда төрт айдан астам уақыт ерте басталды. Тиісті тапсырманы бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары берген болатын. Соның нәтижесінде бүгінде медициналық ұйымдардың дәрі-дәрмекпен қамтылу деңгейі 91%-ға жетті.

Сонымен қатар МСАК жұмысының тиімділігін айқындайтын басты көрсеткіштердің бірі – пациенттердің пікірі. 2026 жылдың алғашқы жартысында МСАК ұйымдарына азаматтар 62 млн рет жүгінген, 2 925 шағым түскен. Шағымдардың басым бөлігі бейінді мамандарға қолжетімділікке, қабылдауға жазылу мен пациенттерді тиісті мамандарға бағыттауға, медициналық әдептің сақталуына, диспансерлік бақылаудың уақтылы жүргізілуіне және дәрі-дәрмекпен қамтуға қатысты болды.

Шағым санының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында тіркеліп, 4,3 есе артқан. Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш – 2,6 есе, Қарағанды облысында – 2,3 есе, Ақмола облысында – 2,1 есе, ал Астанада 2 есе өскен.

Кеңесте МСАК қызметкерлерін ынталандыру жүйесін жетілдіру мәселесі де жеке қаралды. Жан басына шаққандағы нормативтің ынталандыру бөлігін автоматтандыру төлемдерді бөлудегі субъективтілікті азайтып, қаржылай көтермелеуді жұмыстың нақты нәтижесіне қарай тағайындауға мүмкіндік берді. Ынталандыру төлемінің орташа мөлшері 600 мың теңгені құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15%-ға көп. Биыл белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізген мыңнан астам учаскеге 1 млн теңгеден жоғары төлем берілді.

Бұған қоса, Премьер-министр орынбасарының міндетін атқарушының тапсырмасына сәйкес, МСАК қызметкерлеріне үздіксіз еңбек өтілі үшін ынталандыру төлемдері енгізіліп жатыр. Бұл профилактикалық бағдарламалардың сапасын арттыруға оң ықпал етуге тиіс.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерде тәжірибелі дәрігерлердің, мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен арнайы штабтар құру тапсырылды. Олар мемлекеттік және жекеменшік емханалар мен стационарлардың жұмысын жан-жақты зерделеп, шағымдардың түсу себептерін анықтауға, сондай-ақ қызмет көрсету сапасы ұдайы төмен медициналық ұйымдар бойынша нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарындағы, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларындағы жағдайға ерекше назар аудару тапсырылды. Аталған өңірлердің әрқайсысы бойынша төмен көрсеткіштердің себептеріне жеке талдау жасалуы қажет.

Сонымен бірге МСАК қызметін бағалау жүйесін Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген индикаторлармен толықтыру, үздік медициналық ұйымдарды ынталандыру тетіктерін жетілдіру және үш жыл қатарынан төмен нәтиже көрсетіп келе жатқан емханаларды қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау тапсырылды.

Пациенттердің бағалауына арналған жаңартылған индикаторларды ескере отырып, медициналық қызметтерге ақы төлеуді реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу міндеті қойылды. Пациенттерді дер кезінде ауруханаға жатқызу мен шұғыл операциялардың уақытылы жасалуын қамтамасыз ету үшін квота бөлу тетіктерін жетілдіруге де ерекше назар аударылмақ. Қабылданған шаралар жағдайды жақсартуға ықпал етпеген медициналық ұйымдардың басшыларына қатысты тиісті басқарушылық және кадрлық шешімдер қабылдау тапсырылды.

Кеңесті қорытындылаған Аида Балаева медициналық қызмет сапасы жергілікті атқарушы органдар мен Денсаулық сақтау министрлігінің ұдайы әрі жүйелі бақылауында болуға тиіс екенін ерекше атап өтті.

Таңбалар: алғашқы көмекмедицинаҮкімет кеңесі

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауды арттырудың апталығы аяқталды
Әлеумет

Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауды арттырудың апталығы аяқталды

21.08.2026
Қайтарылған активтердің 176, 8 млрд теңгесі денсаулық саласына бағытталды
Дәулет

Қайтарылған активтердің 176, 8 млрд теңгесі денсаулық саласына бағытталды

18.08.2026
Елімізде бірінші рет тамырда біртіндеп сіңірілетін жаңа буын каркастары салынды
Жаңалықтар

Елімізде бірінші рет тамырда біртіндеп сіңірілетін жаңа буын каркастары салынды

13.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist