26 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тоқаев «Ресей Путиннің басшылығымен елеулі жетістіктерге жетеді» деді

22 Ақпан 2024 17:38
- Жаңалықтар, Қоғам
Тоқаев «Ресей Путиннің басшылығымен елеулі жетістіктерге жетеді» деді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚАЗАН. 22 ақпан. Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Владимир Путин жетекшілігінде елеулі табыстарға жететініне сенім білдірді. Бұл туралы «РИА Новости» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қазақ лидері мұны Қазан қаласында өтіп жатқан «Болашақтың ойыны» халықаралық турнирінің ашылуына қатысу үшін барған сапары аясында орын алған ресейлік әріптесімен келіссөзі барысында айтты.

«Біз бәріміз Ресейде 17 наурызда өтетін президент сайлауын күтіп отырмыз. Түпкілікті нәтиженің ойдағыдай боларына күмәніміз жоқ. Өйткені, Ресей сіздің беделді басшылығыңызбен таңқаларлық табысқа қол жеткізіп келеді», – деп тебіренді Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу кезінде.

Қазақстан Президенті бұған Путиннің шын мәнінде өз мәлімдемелерімен, іс-әрекетімен жаһандық күн тәртібін қалыптастырып келе жатқанына ризашылық пейіл танытты. Әлбетте, әңгіме соғыс турасында болып отырмаған шығар.

«Бұл біздің ынтымақтастығымызға және сіздің былтыр қараша айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Менің ойымша, қос тарап, екі елдің үкіметтері аталған уағдаластықтарды табысты жүзеге асырып жатыр. Қазірдің өзінде нақты нәтиже бар», – деді Тоқаев бұдан әрі.

Қазақстан басшысы сондай-ақ Ресей экономикасының өте күрделі жағдайда тұрғанына қарамастан, зор табыстарға жетіп келе жатқанын, ал сатып алу қабілеті жағынан ел экономикасының Еуропада бірінші болып тұрғанын атап өтті. «Бұл Астана және Мәскеу арасындағы ынтымақтастыққа табиғи жолмен оң серпін беріп отыр», – деді ол сосын.

Тоқаев бұдан бөлек, республикада үш жылу және екі су электр станциясының құрылысын салу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгені үшін Путинге алғыс айтты.

Еске сала кетейік, Ресей президентінің сайлауы 2024 жылғы 17 наурызда өтеді. Онда дауыс беру мерзімі үш тәулікке созылып, 15,16 және 17 наурыз күндерін толық қамтиды.

Ресей орталық сайлау комиссиясы мемлекет басшылығына мүдуәр санатында Леонид Слуцкий, Николай Харитонов, Владислав Даванков және Владимир Путин деген азаматтарды тіркеді. Ал диктаторға мейлінше қауіпті қарсылас болып есептелген Евгений Надеждинді дауыс жинау парақшасында жалған қол қоюшылықтар бар деген желеумен тіркемей қойды. Содан кейін РФ жоғарғы соты үміткердің апелляциялық шағымын қараудан бас тартты. Ол президент болып сайлана қалса, бірінші кезекте Ресей рашизмінің Украинадағы басқыншылық соғысын тоқтататынын ашықтан-ашық айтып жүрді.

Тағы бір жайт, көптен бері Кремль оппозициясының лидері ретінде көрініп келген  Алексей Навальный ақпанның 16-сы күні Ямал-Ненец округіндегі колонияда жазасын өтеп жатқан жерінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Биліктегілер қазір марқұмды жерлеу рәсімі президент сайлауының өзіне үлкен кедергі келтіруі мүмкін деген үреймен денесін туған-туыстарына бермей отыр. Алайда, шыны керек, Ресей халқы үшін Путинге қарсы келе алатын зор тұлға болып көрінген оны әлем жұртшылығының ақыл-ойлары түзік өкілдері  саяси әрекетін нацистік ұйымның белсендісі болудан бастаған, соңғы демі шыққанша шовинист  қалпынан айнымаған қаныпезер қайраткер ретінде жақсы біледі.

Таңбалар: Владимир ПутинҚазанҚасым-Жомарт Тоқаев

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

23.08.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың дамуға серпін беретінін мәлімдеді
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың дамуға серпін беретінін мәлімдеді

23.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist