19 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тағы екі боксшы жігітіміз ширек финалға шықты

7 Наурыз 2020 22:09
- Жаңалықтар, Сайыс
Тағы екі боксшы жігітіміз ширек финалға шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ММАН. 7 наурыз. Бүгін Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Океания/Азия құрлықтық бірінші олимпиялық іріктеу турнирінде ерлер құрамасының тағы екі мүшесі ширек финалға қадам басты. Бұл туралы Olimpic.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Алдымен 52 килоға дейінгі салмақтағы Сәкен Бибосынов қырғыз Азат Усеналиевпен қолғап түйістірді. Оның қарсыласы өз еліндегі ең күшті боксшылардың бірі еді. Азияның 2013 жылғы чемпионы, 2015 жылғы қола жүлдегері. Бірақ өзі әлемнің соңғы чемпионатының қола жүлдегері болып отырған Сәкен тәжірибелі қарсыласын ұрымтал жерлерінен төпеледі. Ол сол қолымен өте жақсы шабуылдады. Кезектесе жұдырық сілтесу кезінде де басым көрінді. Соңғы раундта сол артықшылығын асыра түсті. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жетті.

57 килоға дейінгі салмақтағы Серік Теміржанов ирактық Жаафар Әл-Суданиді емін-еркін ұтты. Ол қарсыласының соққыларын бойына оншалықты дарытқан жоқ. Ұрыс кезінде прессингке көп барды. Соққыны сериялы түрде жасап отырды. Мұны төрешілер де лайықты бағалап, оған бір ауыздан жеңіс берді.

Бұл күні қыздар командасынан тағы бір спортшымыз жарыс жолынан шығып қалды. Атап айтқанда, 51 килоға дейінгі салмақтағы Ангелина Лукас таиландтық Ютамас Ютпонгпен тең шайқаста есе жіберіп алды.

Еске сала кетейік, осы кезге дейін Зәкір Сафиуллин (63 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг) Әбілхан Аманқұл (75 кг), Бекзат Нұрдәулетов (81 кг) сынды жігіттеріміз, Валентина Хальзова (69 кг),Надежда Рябец (75 кг),   секілді қыздарымыз ширек финалға шыққан болатын. Олардың қатарына бүгін жеңііл салмақтағылар Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржанов қосылып отыр.

Жігіттер сапында әзірге шығын жоқ.

Ертең, 8 наурыз күні рингке 91 килодағы Василий Левит пен 91 килодан ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев шығады. Бұлардың біріншісі осының алдында күшті моңғол боксшысы Ерденебайяр Сандагсуренді сүріндірген тәжік Давлат Болтаевпен шайқасса, екіншісі қытайлық Маймайти Айхимайтимен қолғап түйістіреді.

***

Суретте: Сәкен Бибосынов шайқас үстінде.

Сурет Olimpic.kz сайтынан алынды.

Таңбалар: қазақ боксшылары

Ұқсас мақалалар

Астанада Қазақстан құрамасы боксшылары турнирінің 1/2 финалы ойналды
Жаңалықтар

Астанада Қазақстан құрамасы боксшылары турнирінің 1/2 финалы ойналды

09.04.2024
«Ұлы Жібек жолы» турнирінде қазақ боксшылары үш алтын медаль жеңіп алды
Жаңалықтар

«Ұлы Жібек жолы» турнирінде қазақ боксшылары үш алтын медаль жеңіп алды

28.03.2024
Странджа турнирінде тағы 4 жекпе-жекті жеңіспен аяқтадық, бір жеңіліс бар
Жаңалықтар

Странджа турнирінде тағы 4 жекпе-жекті жеңіспен аяқтадық, бір жеңіліс бар

08.02.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist