19 Қазан, 00:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Раев: Басталған істің аяғына дейін абыроймен атқарылғаны абзал

8 Мамыр 2023 21:14
- Жаңалықтар, Таным
Раев: Басталған істің аяғына дейін абыроймен атқарылғаны абзал
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 8 мамыр. Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтан Қазақстан Президентінің атына жолданған хат келді. Бұл туралы өз мәнбесінен мәлімет алған rast.kz хабарлайды.

Хат Түркиядан 3 мамыр күні жолданған.

Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) 1993 жылы 12 шілдеде Алматыда өткен жиында құрылды. Қазір оның кеңсесі Түркияның байтағы – Анкара қаласында орналасқан. Содан бергі уақытта ұйымның басшылығы қызметін Полад Бүлбүл Оглы (Әзербайжан), Дүйсен Қасейінов (Қазақстан) атқарды. Ал 2022 жылғы 31 наурызда қырғызстандық Сұлтан Раев Түркияның Бурса қаласында өткен Түрік мемлекеттері мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің отырысында бір ауыздан Бас хатшы болып сайланды.

Сұлтан Акимуулу Раев – Қырғыз Республикасының халық жазушысы, Тоқтоғұл атындағы Қырғызстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстан мәдениет қайраткері, қырғыздың белгілі жазушысы, драматург.

ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы өзінің хатында түрік елдері әдебиетінің туыс халықтар бірлігі мен ынтымағының алтын арқауы, айнымас асыл жүлгесі болып келе жатқанын атап көрсетеді. Соның арқасында қазіргі таңда олардың мәдениеті мен өнерінің өзара жақындасуы қай кездегіден де ауқымды әрі жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Осы мақсатта ТҮРКСОЙ-дың жанынан Халықаралық Түрік Жазушылар одағы құрылды. Ал оның төрағалығына қазақтың осы заманғы маңдайалды ақындарының бірі Ұлықбек Есдәулеттің бірінші болып сайлануы бекер емес еді. Оның бүкіл түрік елдері қаламгерлері арасындағы беделі айрықша зор.

Бұдан әрі Сұлтан Раев алдағы 12 мамыр күні өтетін Қазақстан Жазушылар одағының кезекті құрылтайында Ұлықбек Есдәулеттің төрағалыққа қайта сайлануына тілектестік білдіреді. Мұны ол «бастаған ісімізді орта жолда үзіп алмай, аяғына дейін абыроймен жеткізу үшін» керек деп есептейді. Бұл елдік мүдде үшін де керек. «Қазақ билігі мен зиялылары да біздің бұл ниетімізге қолдау білдіреді деп сенеміз», – деп аяқтайды ұйым басшысы хатын.

 

Хаттың толық мәтіні мынадай:

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға.

Дәл қазіргі күні Түрік мемлекеттерінің бірлігі мен ынтымағы, достығы мен туысқандығы, әсіресе, олардың мәдениеті мен өнерінің өзара жақындасуы қай кездегіден де ауқымды әрі жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Бұған, әрине, баршамыз да қуанамыз.

Түрік мемлекеттерінің өзара жақындасуына айрықша ықпал ететін алтын арқау, айнымас жүлгенің бірі – әдебиет десек, түрік елдері әдебиеттерінің өркендеуі мен өрлеуіне қатысты ТҮРКСОЙ көптен бері түрлі халықаралық жоба-жоспарлар жасап келеді. Мұның шет жағасы жақында өткен ТҮРКСОЙ-дың жанынан құрылған Халықаралық Түрік Жазушылар одағының Төрағасы болып Ұлықбек Есдәулет сайланды. Бұл жерде Ұ. Есдәулеттің беделі мен білігінің, халықаралық іс-тәжірибесінің ескерілгені де белгілі.

12 мамыр күні Қазақстан Жазушылар одағының кезекті құрылтайы өтеді екен. Біз осы құрылтайда Ұлықбек Есдәулеттің Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы болып сайлануына шын жүректен тілеулестік білдіреміз. Түрік мемлекеттері әдебиеттерінің ортақ мүддесі үшін. Елдік мүддеміз үшін. Бастаған ісімізді орта жолда үзіп алмай, аяғына дейін абыроймен жеткізуіміз үшін. Қазақ билігі мен зиялылары да біздің бұл ниетімізге қолдау білдіреді деп сенеміз».

Таңбалар: Жазушылар одағықұрылтайҰлықбек Есдәулет

Ұқсас мақалалар

Құрылтай Қариннің – Вице-президент, Бектеновтің Премьер-министр болуларын қолдады
Жаңалықтар

Құрылтай Қариннің – Вице-президент, Бектеновтің Премьер-министр болуларын қолдады

31.08.2026
Мемлекет басшысы Құрылтайдың ашылу сессиясында жаңа міндеттерді алға тартты
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Құрылтайдың ашылу сессиясында жаңа міндеттерді алға тартты

28.08.2026
Саяси партиялар Құрылтай депутаттарының тізімін бекітіп берді
Әлеумет

Саяси партиялар Құрылтай депутаттарының тізімін бекітіп берді

27.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist