25 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылорда облысында өңірлік дамудың тұжырымдамасы талқыланды

14 Сәуір 2026 21:55
- Дәулет, Жаңалықтар
Қызылорда облысында өңірлік дамудың тұжырымдамасы талқыланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 сәуір. Қызылорда облыстық әкімдігінде өңірлік дамудың 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылаған жиын болып өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мәжіліске Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Рауан Рақымбеков, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов төрағалық етті. Онда «Қазақстан Республикасы өңірлік дамуының 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы», туризмді дамыту мәселелері жөніндегі кеңес қорытындысында берілген және қалалардың сыртқы келбеті жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

Алқалы басқосуда сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру, орман қорына 2 млрд, елді мекендерге 15 млн дана көшет отырғызу барысы қаралды.

Мәжілістен кейін өткен жиналыста осы және өзге де мәселелерге орай жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін Үкімет «Өңірлік дамудың 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекітті. Тұжырымдама географиялық ерекшеліктері мен артықшылықтарына қарай өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін аша түсуді, халықты базалық инфрақұрылыммен қамтуды көздейді. Қалада жайлы орта қалыптастыруға, аймақтардағы теңгерімсіздіктерді жоюға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және экономиканың салалық ерекшеліктерін дамытуға бағытталған. Бүгінде тұжырымдама аясында ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру үшін түрлі шаралар атқарылуда. Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жұмысты сапалы әрі мерзімінде іске асыру керек. Өңірдегі туристік аймақтарды, демалыс орындары мен жол бойындағы сервистік нысандарды талапқа сәйкестендіріп, қызмет көрсету сапасын тұрақты бақылауда ұстаңыздар. «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты – тұрғындар үшін қауіпсіз, таза және жайлы орта қалыптастыру. Бұл жұмыстарға қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен мекеме басшылары, сондай-ақ бизнес қауымдастық өкілдері де атсалысуы қажет», – деді Данияр Жаналинов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының елді мекендерге 15 млн ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облысында 2021-2025 жылдарға арналған жоспар толық орындалып, 958,8 мың ағаш егілді. Бұл жұмыстар аймақ басшысының бастамасымен жалғасуда. Атап айтқанда, Қызылорда қаласының кіреберісіне 7 мың, әуежай аумағына 4 мыңнан астам алма ағашы егілді.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында көгалдандыруға 18 млрд теңге бөлініп, жыл сайын 14 мыңнан астам ағаш отырғызылады. Жалпы 2025-2030 жылдары 71,5 мың ағаш, 658,6 мың шаршы метр жасыл аймақ және 428,4 мыңнан астам гүлзар отырғызу жоспарланған.

Таңбалар: Қызылордамәжілісөңірлік даму

Ұқсас мақалалар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды
Жаңалықтар

Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

24.08.2026
Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті
Әлеумет

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының қорытындысы өзінің мәресіне жетті

22.08.2026
Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді
Аймақ

Қызылордада үй кезегінде тұрған 90 отбасыға жаңа пәтерлер берілді

22.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist