26 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қостанайлықтар сағат белдеуін табиғи уақытқа келтіруді талап етуде

4 Желтоқсан 2022 22:39
- Аймақ, Жаңалықтар
Қостанайлықтар сағат белдеуін табиғи уақытқа келтіруді талап етуде
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

​ҚОСТАНАЙ. 4 желтоқсан. Қостанай белсенділері облыстық әкімдіктен аймақтағы сағат белдеуін өзінің табиғи уақытына қайта келтіруде талап етті. Бұл туралы «Костанайские новости» хабарлады.

Бұдан бір айы бұрын жоспарластырылып қойылған кездесуге облыстың сол кездегі әкімі Архимед Мұхамбетов қатысуға тиіс болатын. Алайда, осыдан екі күн бұрын ғана ол қызметінен босатылып кетті. Ал жаңа әкім Құмар Ақсақаловты бұл басқосуға шақырып әкелудің орайы келмеген.

Осы себеппен белсенділер мәселені талқылауды кейінге қалдырмақшы да болыпты. Бірақ Қазақстанда уақытты есептеу проблемалары жөніндегі комиссияның қызылордалық мүшесі Болат Нұрқожаев алдын ала шақырылғандықтан, осы күні Қостанай қаласына келіп қойған. Ол жиынның қалайда бұрын белгіленген уақытында, яғни бүгін өтуі керектігін уәжіп етті.

Жиынға аймақ басшысының орнына облыстық әкімдіктің аппарат бастығы Мұрат Сандыбаев қатысып, жиналғандардың барлық уәждерін тапжылмай тыңдады. .

Еске сала кетейік, аймақта UTC+4 географиялық сенімді сағат белдеуін қайтару мәселесі көптен бері қозғалып келе жатыр. Тұрғындардың бір бөлігі мұның өмірлік маңызы бар жайт екенін алға тартады, тағы бір бөлігі осы қалпында қала бергенін қалайды. Ал сағат тілін екі сағат артқа шегеруді жақтайтындар қатарында еңбек сіңірген дәрігер Көпей Малшыбаева да бар.

«Бұл мәселе 2005 жылдан бері ешбір шешілмей келе жатыр, – деді ол өз сөзінде. – Біз мұның бір ғана себебі бар деп есептейміз – бар болғаны билік мұны қолдамай отыр. Неге Қызылорда мен Ақтөбеде бұл мәселе оңды шешіледі, ал бізде олай емес? Педиатр-дәрігер ретінде айтарым: қазіргі ахуалдың залалы өте зор. Балалар тым ерте тұрады, қараңғыда қарманып мектепке барады. Биологиялық ырғақтары бұзылғаннан кейін иммунитет төмендейді, невроздың тәуекелі пайда болады. Осы себеппен сабақты да нашар оқиды. Мен Құмар Іргебайұлы Ақсақаловты мұндайға бейтарап қарай алмайтын адам ретінде білемін, ол енді Қостанай облысы үшін де барынша жанашырлық көрсетеді деп ойлаймын».

«Қостанайлықтардың бұл проблеманы алғаш рет көтергендеріне тура 17 жыл уақыт болды, – деп сөз арқауын ширатты Болат Нұрқожаев (жоғарыдағы суретте). – Біз Қызылордада сағат белдеуін қайта қалпына келтіру жолында 13 жыл күрестік. Биліктегілер соншама жыл мұны оншалықты маңызды емес және керексіз мәселе санап келді. Біздің бар қателігіміз сол, сағат белдеуінің шекарасын емес, сағат тілін артқа жылжытуды сұрап жүріппіз. Шын мәнінде мәселе сол шекарада еді. Біз осы олқылықтың орнын толтыруда әлем ғалымдары – хронобиологтар, дәрігерлер, астрофизиктер, географтар және басқалар ізденістерінің сенімді аргументтерін мысалға келтіріп, қаулыға өзгеріс енгізуді талап еттік. Ал Қостанай облысы сағат белдеуін қайтаруға қол жеткізе алмады. Сол себепті сіздер Қытайдың өздеріңізден 2000 шақырым қашықтағы Хами округімен бір уақытпен өмір сүріп отырсыздар…

Қостанайлық белсенді Азамат Кәрімов облыс тұрғындарының сағат белдеуі дұрыс болмағандықтан, шегіп жүрген зардаптарының көп екенін айтып берді.

Кездесуді қорытындылаған Мұрат Сандыбаев белсенділердің айғақтарының бәрін аймақ басшысына жеткізіп баратынын мәлімдеді.

Таңбалар: Қостанай облысысағат юелдеуітабиғи уақыт

Ұқсас мақалалар

Мас болып, көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен босатылды
Әлеумет

Мас болып, көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен босатылды

25.07.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы жағдаймен танысты
Аймақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы жағдаймен танысты

16.04.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist