18 Қазан, 17:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қордайдағы жанжал кезінде 8 адам қаза болды

8 Ақпан 2020 12:42
- Жаңалықтар, Құқық
Қордайдағы жанжал кезінде 8 адам қаза болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАРАЗ. 8 ақпан. Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жанжалдан 8 адам қаза тапты. Бқл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Радио тілшісі мұны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзіне сүйеніп жазды.

«Қақтығыс кезінде ондаған адам жарақат алды, сегіз адам көз жұмды», – деді министр бүгін брифинг кезінде.

Министрдің айтуынша, екі полицейге оқ тиіп, жараланған, тағы 30-дан астам үй, 15 сауда нысаны қираған, 23 көлік бүлінген.

«47 адам полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшылық мылтығы тәркіленді», – деді Тұрғымбаев.

Ол «барлық кінәлілердің жауапқа тартылатынын» айтты. Қазіргі кезде жанжал болған елді мекендерді полиция бақылап тұр. Министр жағдайдың тұрақтанғанын тілге тиек етті.

Ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданындағы бірнеше елді мекенде тұрғындар арасында жанжал болды. Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз. Полиция «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізе бастады.

8 ақпанға қараған түні полиция жанжал болған аумақты қоршап, ол жаққа ешкімді өткізбеді.

Осы кезде әлеуметтік желіде дұнғандардың Алматы мен Таразда да бой көтеріп жатқандары туралы айтылып жатыр. Ал «Азаттық» радиосы оңтүстік мегаполисте бүгін таңертең полиция мен ұлттық гвардия жасағы «Барахолка»” базары аумағын қоршағанын жазады. Полиция өкілдері оқиғаны өрт сөндіру жаттығуларымен байланыстырған. Олар шараның Қордайдағы жанжалға байланысты емес екенін айтқан. Дегенмен, қаладағы ірі «Ялян» базары маңында өрт сөндірушілер көліктері көрінбейді, есесіне полицейлер мен жүк көліктері көп. Базар жабылған.

«Азаттық» тілшісі әзірге полициядан жауап ала алмаған.

Еске сала кетейік, ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты бірнеше елді мекенде тұрғындар арасында жанжал туған. Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз. Билік адам шығыны болғанын айтты. Бірақ нақты санын ашып айтпады. Полиция «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізе бастады. 8 ақпанда таңертең жанжал болған ауылға барған «Азаттық» тілшілері ауылда өртенген үйлердің көп екенін көрген.

Таңбалар: бұзақылықдүнгенжазаЖамбыл

Ұқсас мақалалар

Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ
Жаңалықтар

Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

02.09.2026
Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды
Жаңалықтар

Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

24.08.2026
Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды
Жаңалықтар

Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды

18.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist