26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан мен Саха Жазушылар одақтары бірлесіп жұмыс істеуге келісті

23 Сәуір 2024 22:17
- Жаңалықтар, Руханият
Қазақстан мен Саха Жазушылар одақтары бірлесіп жұмыс істеуге келісті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 23 сәуір. Ресейдің Саха-Якутия республикасының Қазақстандағы күндері аясында кеше екі жақтың Жазушылар одақтары бірлесіп жұмыс жасасу жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл туралы ЯСИА ақпарат агентігінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Республикалар Жазушылар одақтарының басшылары саха-қазақ әдеби байланысын нығайта түсу мәселесін талқылаған дөңгелек үстел өткізді. Оған екі жақтан да жазушылар қатысты.

«Біз Саханың Қазақстандағы күндерінің өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына, осы кезеңде Астанада, сондай-ақ Алматы қаласында көптеген шаралар өткізілгеніне қуаныштымыз. Бүгінгі дөңгелек үстел Саха мен Қазақстанның жазушылар қауымдастықтарын бір мүддеге топтастырды, ол біздердің ертеде басталған әдебиеттегі достық байланысымыздың берік екенін көрсетті», – деп атап өтті делегация басшысы, Саха-Якутия үкіметі басшысының орынбасары Анатолий Асколонович Семенов.

Қазақ және саха жазушыларының өзара әдеби байланысы сонау кеңес заманында, 70-ші жылдардың басында қалыптасқан еді. Сол кезде Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Қалаубек Тұрсынқұлов бастаған қазақ жазушыларының делегациясы сеңнің көбесін сөгіп, саха еліне қарай рухани жол ашты. Сол байланыс Одақ тарағанға дейін жалғасты. Осы жолдағы сіңірген айрықша еңбегі үшін жазушы Қалаубек Тұрсынқұлов кейін Саха Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Саха Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мен Эрлик Эристин атындағы әдеби сыйлығының лауреаты атанса, ақын Тұрсынай Оразбаева Саха-Якутия республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағын алды.

Саха-Якутия вице-министрі жиында саха халқының ежелгі батырлық эпосы – «Олонхо» дастанын аударған көрнекті қазақ ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулетке республика басшысы Айсен Николаевтың атынан «Халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтқаны үшін» құрметті белгісін тапсырды. Ал кеше Ұлықбек Есдәулеттің саха тілінде жарыққа шыққан «Таас балбаал ырыата» атты кітабының тұсауы кесілді.

Осы орайда айта кетуіміз керек, Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет Қазақстан Жазушылар одағының басшысы болып тұрған кезінде Қалаубек Тұрсынқұлов бастап беріп кеткен сара жолды жаңғыртып, қазақ-саха әдеби байланысының жалғасуына көп еңбек сіңірді. Ол бауырлас халық ақындары жырларын қазақ тіліне аударып, олардың баспа жүзінен шығарылуына күш салды, қазақ ақындарының онда барып тұруларына жол ашып берді. Ал қазір Саха жазушылар одағы қазақ ақынына өте көлемді «Ньургун Боотур» дастанын түгелдей аударып шығуға ұсыныс беріп отыр.

 

 

Таңбалар: Жазушылар одақтарыҚазақстанСахаҰлықбек Есдәулет

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты
Әлеумет

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты

24.08.2026
Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026
Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы
Дәулет

Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы

05.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist