13 Қазан, 09:10
RAST.kz
USD USD 451.31 ₸
EUR EUR 504.56 ₸
RUB RUB 5.36 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Көрпені қалай қарай созып отырсыз, Президент мырза?!

29 Сәуір 2020 11:48
- Жаңалықтар, Қоғам
Мен мына Үкіметтен қорқайын дедім…
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Халықты ертең сауда-сауық-сайран орталықтары мен автосалондар, авиакомпаниялар мен аэропорттар асырай ма?..

 

Құрметті Президент мырза!

Бүгінгі дағдарысқа байланысты Үкіметіміз 361 мекемеге қаржылай көмек көрсететін болып жатыр. Ол тізімде 218 құрылыс (оның 80- BI Group қарасты), 86 – сауда мен жылжымайтын мүлікті жалға берушілер, 26 – көлік, 15 – энергетика және 5 – тау-кен компаниясы бар екен. Бірақ бірде-бір өндіріс компаниясы жоқ көрінеді. Оны саралаған Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы мәлімдеме жасапты.

Мәлімдемедегі «авиакомпаниялар мен аэропорттарға, энергетикалық, элиталық тұрғын үй салатын және элиталық автомобиль сататын компанияларға қолдау көрсетуге басымдық беруге болмайды»; «Тізімге мақсаты мен бағыты жағынан мемлекеттен көмек алуға тиіс емес бизнес өкілдерінің кіруіне жол беруге болмайды!»; «Үкіметтің нақты өндіріс кәсіпорындарына көмек көрсетудің орнына миллиардтарды тарифты көтеріп қойып, аса бір мұқтаждық көрмейтін монополистерге жұмсауы мемлекеттік ұйымдардың беделін түсіреді, оған жол беруге болмайды!»; «бұл – барлық кәсіпкерлер мен елдің бүкіл тұрғындарының бетіне түкіру болып көрінеді» деген, «тізімді қайта қарау керек!» деген сөздерін оқығаныңызға күмәнім жоқ. Бұдан артық ащы да ақиқи айту мүмкін емес.

Мен тек өз тарапымнан мұндай қаржыны ең алдымен ауыл шаруашылығын көтеруге: егіншілікті интенсивті пайдалануға көшіруге, одан да бұрын етті, сүтті, жүн мен теріні тереңдете өңдеу ісіне жұмсауға міндетті екенімізге Сіздің назарыңызды аударғым келеді. Бұл мәселе 30 жылдан бері айтудай айтылып, бірақ, әлі күнге қолға алынбай-ақ қойған мәселе. Біздің сүт пен айранды, сарымай мен ірімшікті Ресей мен Қырғызстаннан, етті …Аргентина мен Бразилиядан алып отырғанымыз естіген құлақтан ұят. Сіз осы дағдарысты, Төтенше жағдайды пайдаланып ауыл шаруашылығын көтеріп алмасақ, ертең ақша таба алмай қаламыз. Біз сонда ғана баяғыда брендімізге айналуға тиіс экологиялық таза Тағам өнеркәсібі мен киім шығаратын Жеңіл өнерәсіпке негіз салып аламыз. Сонда ғана халқымыз қандай дағдарыс болса да, өзінің аш-жалаңаш қалмайтынына сенімді болады. Өйткені, мақта мен жүніміз, теріміз бар біздің ішкиім-көйлектен бастап ішік-тонға дейін өзімізді толық қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз жетіп-артылады. Сырты құндыздай жылтырайтын, ішінде неше түрлі жылытқышы бар жеп-жеңіл тайжақы жауын мен аяздан бірдей қорғайтын, нағыз әлемдік қазақ бренді болар еді…
Дағдарыс ұзаққа созылмайды деп ешкім кепілдік бере алмайды. Мұнайдың бағасы көтерілмей қойса, экспортқа шығаратын өніміміз шамалы-ақ, сонда не істейміз? Жарайды, 1 миллион олигархтар мен байлар қинала қоймас, қалған 17 миллион халықты немен асырайсыз? Жауапкершілік сіздің мойныңызда ғой? Жапония мен Қытай өткен, «бір ауыл – бір өнім» қағидасын ұстансақ, «Все силы – на Дениикина!» деген Лениннің ізімен «Бар күшіміз – ауылды өркендетуге!» деген ұранмен қимылдсақ, бір-екі жылда «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!» деген Бейімбет атамыздың арман-өсиетін іске асырар едік.
Бүгін таңда халыққа, әсіресе қазаққа ең бірінші керегі – күнделікті тамағы мен басына баспана. Тамақ жайын ауылды көтеріп шеше аласыз. Баспананы шешу үшін – Астана мен Алматыдан бастап барлық қаладағы жалға берілетін және бос тұрған пәтерлерді тексертіңіз. Мыңдаған емес, жүз мыңдаған қазаққа баспана тауып бересіз!..
Құрметті Президент мырза! Ұлттың тағдыры шешілетін сәтте қызмет мәртебесі мағдайыңызға бұйырды. Батыл да жедел қимыл күтеді ел-жұрт сізден. Өйткені, мүмкіншілік те ауыздан шыққан сөз секілді, қайтып келмейтінін сіз жақсы білесіз.
Ісіңіздің алға басуына тілектеспін. Алла-Тағала өзіңізге жар болсын!

Құрметпен,

Өмірзақ АҚЖІГІТ,

тәуелсіз журналист

 

Facebook әлеуметтік желісінен

Таңбалар: өмірзақ ақжігіт

Ұқсас мақалалар

Мен мына Үкіметтен қорқайын дедім…
Көзқарас

Мәселе домбырада емес, мәселе – киеде!

15.05.2020
Мен мына Үкіметтен қорқайын дедім…
Көзқарас

Мен мына Үкіметтен қорқайын дедім…

03.05.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

    «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 451.31 ₸
EUR EUR 504.56 ₸
RUB RUB 5.36 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist