26 Тамыз, 16:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Италия Украинаны НАТО-ның қамқорлығына алуды ұсынады

7 Наурыз 2025 10:47
- Жаңалықтар, Тіршілік
Италия Украинаны НАТО-ның қамқорлығына алуды ұсынады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

РҮМ. 7 наурыз. Италия премьер-министрі Джорджия Мелони НАТО-ның 5-бабын әскери альянсқа мүшелігінсіз-ақ Украинаға қатысты қолдану керектігін мәлімдеді. Бұл туралы Financial Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мелонидің айтуынша, бұл атысты тоқтату режимін сақтау үшін әскерлерді енгізумен салыстырғанда, анағұрлым «тұрақты, ұзақ мерзімді және тиімді қауіпсіздік кепілі» болар еді.

«Украинаға НАТО елдеріндегідей қамтуды кеңейту, әрине, әлдеқайда тиімдірек, бірақ бұл альянсқа мүшеліктен басқаша болып шығады. Менің ойымша, бұл қауіпсіздіктің тұрақты, ұзақ мерзімді және тиімді кепілі бола алады, ол мен көріп отырған кейбір ұсыныстардан да артық», – деді ол.

Мелони сонымен қатар Украинада атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілген жағдайда итальян әскерлерінің онда жіберілмейтінін ашып айтты. Ол «Еуропа әскерлерін, француздар немесе британдықтарды орналастыру ең қиын шешім» екенін атап өтті.

Айта кетейік, НАТО-ның 5-бабында альянсқа мүше елдердің біріне жасалған қарулы шабуыл барлық мүше елдерге жасалған шабуыл болып есептеледі. Мұндай жағдайда НАТО шабуылға ұшыраған кез келген одақтасқа көмектесу үшін қажетті кез келген шараны қабылдайды.

2022 жылдың 30 қыркүйегінде Украина НАТО-ға кіру туралы өтінішін ресми түрде берді. 2024 жылы шілдеде өткен альянстың Уашингтон саммитінде одақтастар «Украинаның болашағы НАТО-да» екенін растады. Бұл үшін тек соғыстың аяқталуын күту керек екені ескертілді.

Алайда Ақ үй соңғы уақыттары Украинаның альянсқа мүше болатын реті жоқ деген мазмұнда мәлімдеме тарата бастады. Кейбір ақпарат құралдары Киевтің НАТО-ға кіруден бас тартуын ықтимал бейбіт келіссөздер үшін қажетті шарттардың бірі санайды.

Финляндия президенті Александр Стубб бұған дейін бейбітшілік орнағаннан кейін Ресей украиндарға тағы да шабуыл жасайтын болса, Украина автоматты түрде НАТО-ға мүше болуы керек деп мәлімдеген.

Еуропа елдері лидерлерінің көпшілігі Украинаның НАТО-ға кіргенін қолдайды. Бірақ бұған қарсы шығатын елдер де бар. Украина президенті Володимир Зеленськийдің айтуынша, әңгіме Венгрия, Словакия, Германия және АҚШ туралы болып отыр. Ал бұл пікірлерді қалыптастыруда АҚШ факторы маңызды рөл атқарғанын айта кету керек. Украина бұл тарапта Джо Байденнің кезінде де нақты қолдау ала қойған жоқ.

Таңбалар: ИталияНАТОУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist