9 Шілде, 07:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Футбол. Бүгін Қазақстан – Украина құрамалары ұшырасады

1 Қыркүйек 2021 18:01
- Жаңалықтар, Сайыс
Футбол. Бүгін Қазақстан – Украина құрамалары ұшырасады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 1 қыркүйек. Бүгін елордадағы «Астана-Арена» спорт кешенінде 2020 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі шеңберінде Қазақстан құрамасы Украинаның бас командасын қабылдайды. Бұл туралы «Sport.kz» хабарлады.

Матч Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Оның тікелей эфирдегі трансляциясы «Qazaqsport» телеарнасынан беріледі. Матчқа литвалық Донатас Румшас қазылық етеді.

Еске сала кетейік, бұл жамағаттардың осы турнир аясындағы бірінші матчы биылғы наурыз айында Киевте өткен болатын. Ол 1:1 есебімен тең аяқталды. Кездесудің 20-минутында алаң иелері сапынан Роман Яремчук гол соқса, 59-минутта Серікжан Мұжықов жауап доп салды.

Қазір осы D тобында мынадай жағдай қалыптасып отыр:

 

№ Командалар О Ұ Т Ж Доп Ұп
1 Франция 3 2 1 0 4-1 7
2 Украина 3 0 3 0 3-3 3
3 Финляндия 2 0 2 0 3-3 2
4 Босния 2 0 1 1 2-3 1
5 Қазақстан 2 0 1 1 1-3 1

 

Топта бұл кезге дейін ойналған ойындар мынадай нәтижелер әкелді:

24 наурыз. Франция – Украина 1:1, Финляндия – Босния 2:2.

28 наурыз. Қазақстан – Франция 0:2, Украина – Финляндия 1:1.

31 наурыз. Босния – Франция 0:1, Украина – Қазақстан 1:1.

Украинаның «UA-Футбол» порталы осы матч алдында командалардың мүмкіндіктері жөнінде шолу жасады. Оның авторы Георгий Грошев Украина құрамасының жанкүйерлері мен барлық сарапшыларды қазір «Сіз ойынға дайынсыз ба, Александр Петраков?» деген бір ғана сұрақтың мазалап отырғанын алға тартады. Олай болатын жөні бар. Көктемгі ойындар сериясынан кейін құраманың бас жаттықтырушысы Андрей Шевченко өз еркімен қызметтен кеткен еді. Бірқатар уақыттан кейін оның орнына бұған дейін елдің жастар құрамасын жаттықтырып келген Александр Петраков келді. Бүгінгі матч сол Александр Васильевичтің құрамадағы дебюттік ойыны болғалы тұр. Жұртшылықты оның елдің бас командасы тізгінін қалай алғаны да қызықтырып жүр. Мұнда біраз құпия сыр жатқан сияқты. Сондықтан футбол фанаттары құраманың ендігі ойын схемасы қалай болатынын білуге қатты құштарлық танытып отыр. Команда құрамы өзгере ме? Қалай ойнайды? Петраков уақытша келген фигура ма, әлде салмақты маман бола ала ма? «Біз бұл сұрақтарға қыркүйек айында ойналатын үш матчтың қорытындысымен жауап алатын боламыз», – деп жазады сосын автор.

Украиналық спорт журналисі Қазақстан құрамасының жағдайына да біршама тоқталып өтеді. Ол Талғат Байсуфинов басқаратын «қаршығалардың» екі инсайд пен бір мықты форвардты алға тартып, 3-4-2-1 схемасымен ойнауы мүмкін екенін атап өтеді.

Сонымен, Грошевтің пайымынша комадалар мынадай құраммен алаңға шығулары мүмкін.

Қазақстан құрамасының старттық болжамды құрамы мынадай: Покатилов – Марочкин, Әліп, Малый – Бейсебеков, Тағыбарген, Қуат, Валиуллин – Зайнутдинов, Мұжықов – Щеткин.

Украина құрамасының старттық болжамды құрамы мынадай: Пятов – Забарный, Кривцов, Матвиенко – Караваев, Сидорчук, Буяльский, Зинченко – Ярмоленко, Яремчук, Малиновский.

 

 

Таңбалар: Украинафутбол

Ұқсас мақалалар

Швейцария пенальтиден Колумбияны ұтып, ширек финалдан орын алды
Жаңалықтар

Швейцария пенальтиден Колумбияны ұтып, ширек финалдан орын алды

08.07.2026
Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды
Жаңалықтар

Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

07.07.2026
Трамп АҚШ құрамасын ұятқа қалдырды. Бельгия өз мүмкіндіктерін жіберген жоқ
Жаңалықтар

Трамп АҚШ құрамасын ұятқа қалдырды. Бельгия өз мүмкіндіктерін жіберген жоқ

07.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist