19 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еуропа Ресейге көмектескені үшін Қазақстанға соққы бермекші

8 Қыркүйек 2025 16:18
- Дәулет, Жаңалықтар
Еуропа Ресейге көмектескені үшін Қазақстанға соққы бермекші
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 8 қыркүйек. Еуропа Ресейге көмек беріп келе жатқаны үшін Қазақстанды жазаға тартыруға дайындалып жатқанға ұқсайды. Бұл туралы Bloomberg ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Агенттік алдағы күндерде Астананың не күтіп тұрғанын анықтап, білді.

Еуропа одағы Мәскеуге санкцияларды айналып өтуге көмектескені үшін Қазақстанға соққы беруге дайын отыр. Ресейге тауарларды реэкспорттау Астана үшін ауқымды экономикалық дағдарыс қаупіне айналғалы тұр. Қазіргі таңда Еуроодақ Ресейге тыйым салынған өнімдерді қайта экспорттағаны үшін алғаш рет Қазақстанға қарсы санкциялар енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, жаңа шектеулер пакетіне Батыстың тыйымдарын айналып өтіп, ресейлік әскери-өнеркәсіп кешенін қамтамасыз ететін Қазақстан, Қытай және басқа елдердің компаниялары кіруі мүмкін.

Санкцияларды айналып өтіп, тауарды қайта сату бизнесін құрған Қазақстан зардап шегу қаупі бар. Егер шара қолданылса, ЕО кейін қару-жарақ өндіру үшін жаппай Ресейге жіберілетін техника мен құрал-жабдықтарды Қазақстанға беруге тыйым салады. Бұл Қазақстан экономикасына нағыз соққы болып тиеді.

Сарапшылар ел президенті Тоқаев өзінің халықаралық беделін жоғары бағалайтынын атап өтті. Алайда жоғарыдағы әрекетті тоқтатпаса, мұның президенттің жеке өзіне де ауыр соққы болып тиеді.

Қазір Еуропа лдағы Уашингтонмен бірге қайталама санкцияларды енгізу мәселесін талқылауда. АҚШ-тың Қаржы министрі Скотт Бессент «Ресейге қысымды күшейту керек» деп мәлімдеді. Бірақ бұл үшін Еуропаның қолдауы қажет. Осы аптада ЕО делегациясы қадамдарды үйлестіру үшін АҚШ-қа барады.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, санкциялар тізіміне банктер мен мұнай компаниялары да кіруі мүмкін, химиялық заттар мен қосарлы мақсаттағы тауарлардың экспортын шектеу, Мәскеуге көмектескен қытайлық компанияларды жазалау мүмкін. Пакет Ресейдің «көлеңкелі флотының» кемелеріне қарсы шараларды толықтыруы және ресейлік мұнайды тасымалдайтын танкерлерді қайта сақтандыруға тыйым салуы мүмкін.

Батыстың санкциялары «таза ресейлік» шеңберінен шығып, Кремльдің одақтастарына әсер ете бастады. Қазақстанға қатысты шешім қабылданса, бұл соғыстан пайда табу және тыйымдарды айналып өту әрекеттері қай елге қарамастан жазаланатынын көрсетеді.

Таңбалар: Еуропа одағыҚазақстансанкция

Ұқсас мақалалар

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі Қазақстанға не береді?
Жаңалықтар

Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі Қазақстанға не береді?

17.10.2026
Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды
Жаңалықтар

Бакыде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды

15.10.2026
Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды
Дәулет

Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

14.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist