14 Қыркүйек, 04:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дүнген диаспорасы қайырымдылық акциясын бастады

16 Қаңтар 2022 11:55
- Аймақ, Жаңалықтар
Дүнген диаспорасы қайырымдылық акциясын бастады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 16 қаңтар. Жамбыл облысының Қордай ауданында тұратын дүңгендер қаңтардағы қақтығыс кезінде зардап шеккен Алматы халқына қайырымдылық акциясын жасап жатыр. Бұл туралы «Азаттық рухы» хабарлады.

Ел басына күн туғанда қарап жата алмаған дүнген диаспорасы жинаған картоп, пияздарын төтенше жағдай кезінде Алматы қаласы мен облыс тұрғындарына жаппай тегін таратып жатыр

«Бұл қазақтың ғана емес, біздің де трагедиямыз», – деді дүнген диаспорасының жетекшісі Айша Идыбол.

«Дүнген диаспорасы қазақ халқымен бірге!» Осылай деген Қордай ауданы Сортөбе, Масаншы ауылдарындағы бір топ әйел Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тұрғындар үшін қайырымдылық акциясын бастады.

Ел басына күн туғанда қарап жата алмаған дүнген диаспорасы жинаған картоп, пияздарын төтенше жағдай кезінде елге жаппай тегін таратып жатыр.

«Вынхуа» дүнген этно-мәдени бірлестігінің кәсіпкерлері, ақсақалдары, жастары қайырымдылық жұмыстарына белсене атсалысады. Жыл сайын түрлі этнос өкілдеріне 70-100 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетеміз. Мұқтаж отбасыларға үй сатып алып береміз, жаңадан баспана да салып жатырмыз. Мақсатымыз – мұқтаж жандарға азық-түлікпен, өзге де қажетті заттармен материалдық көмек көрсету. Бұған дейін Арыс, Мақтаарал, Байзақ қалаларына көмек жібердік. 2020 жылдың ақпан айындағы оқиғадан кейін бізге көмектескен аға-әпкелерімізге, еліміздің азаматтарына алғысымыз шексіз», – деді Жамбыл облысы дүнгендері «Вынхуа» этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Айша Идыбо.

Бұзақылар елді тас-талқан еткенде әскерилер мен полиця жол бойына, елді мекендерге тәулік бойы кезекшілікке шықты. Масаншы мен Сортөбе ауылдарының тұрғындары тәртіп сақтауға шыққан жігіттердің ыстық тамағын да өз мойындарына алды.

Дүкендер жабылып, елде жаппай тәртіпсіздік басталғанда, дүнген диаспорасы Алматының жұртына бұған дейін де тонналап азық-түлік жіберген еді.

«8 қаңтарда Алматыға 2,5 тонна картоп, 2,5 тонна пияз, 400 келі сәбіз жібердік. Бүгін тағы ондаған тонна картоп жібердік, қажет адамдарға өздеріңіз таратып беріңіздер. Еліміз көпұлтты, осынау қасіретті күндерде біз қазақ елімен біргеміз. Бәріміз – қазақстандықпыз. Бірлік – біздің күшіміз. Біз біргеміз. Бір-бірімізге көмектесу арқылы Қазақстан халқының бірлігін, тыныштығын сақтап қаламыз. Қазақстан халқы ассамблеясының қажет екенін және оның шынымен де жұмыс істейтіні осындай сәтте дәлелденеді. Масаншы ауылының жастары Отар және Қордай бекеттеріндегі 40 әскери мен полиция қызметкеріне 2 мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырды. Бұл біздің азаматтық борышымыз. Орын алған жағдай қазақ халқының ғана емес, бәрімізге ортақ трагедия», – деді бірлестіктің жетекшісі.

Дүнген диаспорасының кезекті рет ауыр жүк көлігімен жіберген ондаған тонна картобы Қапшағай қаласы, Заречный ауылы, Талғар, Іле ауданына қарасты елді мекендердегі мұқтаж жандарға әкімдік пен белсенді жастар арқылы таратылып жатыр. 300 мың тұрғын тұратын Іле ауданында 5 мыңға жуық көмекке мұқтаж отбасы бар. Тек Талғар ауданындағы Жалғамыс пен Еламан ауылдарының өзінде жағдайы нашар 180 отбасы тұрады.

«Еліміздегі мына қиын жағдай, сол сияқты коронавирус тұрғындарға оңай болып жатқан жоқ. Бұл жағдай көптеген азаматтың жұмыс істеуіне, табыс табуына кедергі келтірді. Міне, енді дүнген диаспорасы қазақ халқымен бірге екендіктерін көрсетіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, көмек көрсетіп жатыр. Соңғы санақ бойынша Іле ауданында орташа есеппен 300  мың адам тұрады. Оның ішінде көпбалалы аналар, мүгедек жандар, жетім балалар, өзге де санатқа жататын тұрғындар аз емес. Мына көмек сол азаматтарға міндетті түрде жеткізіледі. Дүнген ұлты атынан оларға тапсырылады. Халқымыз осындай бірлік танытқанда ғана ел тыныш болады», – деді Алматы обылсы Іле ауданы мәслихатының депутаты Бақтияр Талғатұлы.

«Талғар ауданы Қайнар ауылдық округіне қарасты ауылдарда көмекке мұқтаж отбасылар өте көп. Қазіргі қымбатшылық кезде жағдайы нашар әрбір отбасы мөшектеп азық-түлік сатып ала алмайды. Қыстың ортасы, азық-түлік бағасы өскен тұста дүнген азаматтарының қарап жатпай, игі істі ұйымдастыруы еліміздің өзге де азаматтарына үлгі. Соңғы аласапыран оқиғаларға қатысты жан-жақтан қиындық қысқанда, дүнген диаспорасының бұлайша бірлік, елдік танытуы кез келген жанға жылулық ұялатады», – деді Қайырымдылық қорының жетекшісі Ерлік Тілеубай.

Ондаған тонна картоп ауыл тұрғындарынан бөлек медреселерге де берілді. Тек бір ғана «Фазлы топлы» медресесінде 100 бала білім алып жатыр.

Таңбалар: Алматыдүнген диаспорасықайырымдылық

Ұқсас мақалалар

Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр
Дәулет

Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

11.09.2026
Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады
Әлеумет

Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

08.09.2026
Алматылық дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды
Әлеумет

Алматылық дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

06.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist