26 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дикий Арман Қаңтар кезінде Самат Әбіштің бұйрығын орындаған деседі

8 Ақпан 2024 23:03
- Жаңалықтар, Құқық
Дикий Арман Қаңтар кезінде Самат Әбіштің бұйрығын орындаған деседі
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 8 ақпан. Қаңтар оқиғасы күндері Дикий Арман Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары Самат Әбіштің айтуымен жұмыс істеген секілді. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қаңтар оқиғасынан кейін жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыпталған полковник Руслан Ысқақов «Новая Газетаға» шын мәнінде не болғанын айтты. Ол Дикий Арман шын мәнінде Самат Әбіштің бұйрығын орындағанына сенімді». – деп жазады Dalanews.kz осыған орай.

Бұған дейін Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасына байланысты өткен сот отырыстарының бірінде оның Самат Әбіш тарапынан берілген бұйрықты орындағанын айтқан болатын. Ысқақовтың өзі Дикий Арманды, яғни Арман Жұмагелдиевті бұл іске соның пәрменімен тартқан көрінеді.

Арман Жұмагелдиев қылмыс әлеміне қатысы тұлға ретінде де, Назарбаевтар әйулетінің тапсырмасын орындаушы ретінде де бұрыннан белгілі.

Руслан Ысқақов билікке және БАҚ өкілдеріне ашық хат жазған. Онда ол «шын мәнінде митингті 2019 жылы елді басқарған президентпен есеп беріп, өз іс-әрекеттерін үйлестіретін үкімет пен тиісті министрлік тудырды» дейді.

«Мемлекеттік комиссия отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Ерғожин газ бағасын бастапқы бағаға дейін төмендетуді ұсынса, билік өкілдері оны қолдамады, себебі бұл арқылы мемлекет өзінің әлсіздігін көрсетеді деп түсіндірді», – дейді Ысқақов.

Осылайша елде хаос басталған. Сол кездегі орталық аппаратты жедел басқару Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші орынбасары болған Самат Әбішке жүктелген. Руслан Ысқақовтың айтуынша, 2022 жылы 5 қаңтарда Самат Әбіш «Арман Жұмагелдиевтің көмегіне жүгіну керек» деп бұйрық берген. Самат Әбіш Дикий Арманнан Алматы әкімдігінде қалып қойған полицейлерді құтқарып, Республика алаңындағы жағдайды бақылауға алуды сұраған көрінеді.

«Менің өтінішім бойынша және Самат Әбіштің бұйрығын орындау үшін Жұмагелдиев Республика алаңына шығып, көшеге шыққандардың бір бөлігін алып кетті. Ол қолынан келгеннің бәрін жасады, бірақ зардабы өзіне де тиді: Арманға қантөгіс болғанын қалайтындар шабуыл жасады. Енді мен Әбіштің бұйрығын сол кездегі жағдайға қарап, орынды әрі заңды болды деп есептеймін. Бұйрықты орындау қажеттігіне күмәнім болған жоқ», – дейді Ысқақов.

Сонымен қатар, Руслан Ысқақов сол кезде Әбіштің бұйрықты жоғары жақпен келісіп беріп отыр деп ойлағанын айтады.

Қалада жаппай тәртіпсіздік болып жатқан кезде Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев ата-анасының үйіне Жұмагелдиевтің жігіттерін жіберуді сұраған екен. Руслан Ысқақов мұны Дикий Арманға жеткізіп, жігіттерін жібертеді. Артынша Жүйріктаев Арман Жұмагелдиевті ауруханаларды күзетуге заңсыз жалдаған деп айыптап, Ысқақовты қамауға алуға рұқсат берген екен.

Руслан Ысқақовтың сөзінше, «абсурд» мұнымен бітпеген.

«Ішкі істердің экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев шынайы фактілерді бұрмалап, өз жауапкершілігінен жалтарып, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы ретінде Арман Жұмагелдиевті көрсетті. Бұл ойға қонымсыз және мүмкін емес нәрсе: ол Қазақстанға 2021 жылдың 17 желтоқсанында қызының денсаулық жағдайына байланысты ғана келсе, ол нені, қалай ұйымдастырып үлгереді? Одан бөлек, 2017-2021 жылдары Қазақстанға әр келгенін министрлікке мақұлдатып отыратын. Соңғы келгенін де Жұмагелдиев Тұрғымбаевпен мақұлдап, оған дәлел ретінде 2021 жылы 17 желтоқсанда сөйлескендерін көрсетуге болады», – дейді полковник Руслан Ысқақов

Таңбалар: Дикий Арманқаңтар оқиғаларыСамат Әбіш

Ұқсас мақалалар

«Назарбаевтың отбасы мен билік арасындағы ымыра»
Жаңалықтар

«Назарбаевтың отбасы мен билік арасындағы ымыра»

25.03.2024
Самат Әбіштің шартты сотталуы кланның әлі күшті екенін көрсетеді – Бапи
Жаңалықтар

Самат Әбіштің шартты сотталуы кланның әлі күшті екенін көрсетеді – Бапи

24.03.2024
Назарбаев інісінің ұлы – Самат Әбіштің ісі құпия жағдайда сотқа жіберілді
Жаңалықтар

Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды

19.03.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist