24 Тамыз, 22:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Президентке есеп берді

10 Наурыз 2026 19:23
- Жаңалықтар, Қоғам
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Президентке есеп берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 10 наурыз. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Министр Президентке денсаулық сақтау саласының қазіргі таңдағы ахуалы мен оны дамыту перспективасы жөнінде есеп берді.

Ақмарал Әлназарова өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа соңғы екі жылдың ішінде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай табыстарға қол жеткізілгенін баяндады. Ол жалпы қаза мен нәрестелер өлімі 15,3 пайызға төмендегенін сөз етті. Қазақстанда жұқпалы емес аурулардан мерзімінен бұрын қайтыс болғандар саны 25 пайызға азайды. Осылайша, Қазақстан бірінші рет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабын орындай алды.

«Мемлекет басшысына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, алғашқы медициналық жәрдемді жетілдіру, скрининг бағдарламаларының аясын кеңейту және ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін жаңғырту жөнінде айтылды», – делінген хабарламада.

Министрдің баяндауынша, онкологиялық қызметті дамыту шаралары ұдайы жалғасын тауып келеді. Астана қаласындағы жаңа онкологиялық кешеннің базасында Протонды терапия орталығы ашылды. Қызылорда және Ақтау қалаларында 2 жаңа ПЭТ/КТ кешені іске қосылды. Барлық өңірде сарапшылық эндоскопия орталықтарының жұмысы жолға қойылды.

Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен аймақтардағы бірқатар нысан құрылысы аяқталды.

Бұдан бөлек, МӘМС жүйесіндегі қаржыны бақылауды күшейту, соның ішінде қаражатты мақсатты жұмсауды мониторингтеу жүйесін автоматтандыру және медициналық қызмет көрсетушілерге талапты қатаңдату шараларына баса назар аударылды.

Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жеке-жеке қызмет көрсететін ақпарат жүйелерін E-Densaulyq платформасына біріктіру қолға алынған.

Министр соңғы екі жылда фармацевтика өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 2,3 есе, ал дәрі-дәрмектің экспорты 1,9 есе өскенін баяндады. Дәрі-дәрмектің 400-ден астам түрін өндіру бойынша 6 инвестициялық келісім жасалды. Олардың жалпы құны 316,3 миллиард теңгеге бағаланған.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа саланың кадрлық әлеуетін дамыту, медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде ақпарат ұсынылды.

Президент медициналық қызмет сапасын арттыру, саладағы қаржылық тәртіпті қатаңдату, маман даярлау жүйесін жетілдіру, цифрлық жаңғырту жұмыстарын жеделдету және отандық фармацевтика өнеркәсібін өркендету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Таңбалар: Ақмарал Әлназаровамедицинапрезидент

Ұқсас мақалалар

Президент халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен жүздесті
Жаңалықтар

Президент халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен жүздесті

24.08.2026
Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауды арттырудың апталығы аяқталды
Әлеумет

Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауды арттырудың апталығы аяқталды

21.08.2026
Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті
Әлеумет

Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

20.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist