26 Тамыз, 05:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бишімбаевқа қатысты соттың аяқталатын күні аян болды (видео)

24 Сәуір 2024 22:29
- Жаңалықтар, Құқық
Бишімбаевқа қатысты соттың аяқталатын күні аян болды (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 24 сәуір. Әйелін өлтірді деген айып тағылып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін қарап жатқан сот процесі алдағы айдың басында аяқталады. Бұл туралы zhasalash.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бүгін Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Осымен сот тергеуі аяқталды.

Судья Айжан Құлбаева сот талқылауы басталатын күнді жариялады. Ол дүйсенбі, 29 сәуірде сағат 10.00-де басталады. Осы күні сот жарыссөзіне кезек беріледі.

Судьяның айтуынша, барлық процесс 3-4 мамырда аяқталады

Сот тергеуі барысында екі куәдан олардың басқа қалада болуына орай видео конференция-байланыс түрінде жауап алынды. Одан әрі сот қылмыстық іс материалдарын зерттеуді жалғастырды.

Tengrinews.kz ресурсының баяндауынша, бүгін Салтанат қайтыс болатын күні Қуандық  кеңес сұраған көріпкелден жауап алынған. Тергеу барысында көріпкел құшнаш өзінің картамен бал ашатын таролог екенін, Бишімбаевтың бұған дейін де өзіне түрлі мәселелер бойынша жиі жүгініп келгенін айтты. Әйелдің айтуынша, Нүкенова жантәсілім ететін күні ол Бишімбаевқа «жедел жәрдем» шақыруды бірнеше рет тапсырған.

Осы тұста прокурор хат алмасу кезінде Бишімбаевтың: «Онда (Нүкенова – ред.) бәрі жақсы ма?» деген сұрағына куәгер: «Ол таңға дейін ұйықтайды», деп жауап бергенін оқыды.

«Мен оған үнемі: «Жедел жәрдем шақыр, дәрігерге барыңдар» дедім. Ол мас, бірнеше рет қоңырау шалды, мен телефонды алмадым. Ол: «Айтыңызшы, онда бәрі жақсы екенін жазыңыз» дейді. Ол сондай, адам төзгісіз», – деді сол кезде куәгер балгер.

Сонымен қатар, ол оқиға болған күн туралы айтты.

«Ол хабарласты. Нақты уақыты есімде жоқ. Менің қолым бос емес еді. Бірақ тұтқаны көтердім. Ол «Салтанат екеуміз қатты мас болып, төбелестік» деді. Бұл шамамен түстен кейінгі уақыт еді. 15.00-16.00 еді. Оның ішімдік ішкені байқалып тұрды. Қатты мән бермедім. Ол «қарап беріңізші» деді. Мен «дәрігерге хабарлас, жедел жәрдем шақыр» дедім. Ол қайта-қайта «қарап көріңізші» деді. Өте қысқа әңгіме болды. 30 секундтай. «Кеше қатты ішіп, қатты төбелестік» деді. «Мен не істейін?» дедім. Дауысы күндегідей емес еді, әр сөзін таңдап айтты. Мен «жедел жәрдемге» хабарлас» дедім», – дейді куәгер.

Сонымен қатар, көріпкелдің сөзінше, Бишімбаев Салтанаттың ұйықтап жатқанын, қорылдап жатқанын айтқан. Сондай-ақ, қозғалмайтынын, тұрмайтынын, ештеңе ішіп-жемегенін жеткізген.

Айта кету керек, балгерден жауап алу барысында Бишімбаевтың бұған дейін көлгірсіп келгені байқалып қалды. Оның өтірік сөйлеп отырғанын Байжанов айтып салды. Ақырында Бишімбаев кінәсін мойындауға мәжбүр болды.

Толығырақ inbusiness.kz телеарна сюжетінде:

Қазір Бишімбаевқа қатысты жүріп жатқан сот процесі күн сайын You Tube әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирден көрсетіліп жатыр. Оны көріп отыруға Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Алмания, Ұлыбритания, БАӘ, Түркия, Корея, Ресей, Сакартвело, Молдова, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан мемлекеттерінің тұрғындары мүмкіндік алды.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2023 жылғы 9 қарашада Астанада, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевтың жеке меншігіндегі «Bau» ресторанында орын алды. Онда әйелі Салтанат Амангелдіқызы Нүкеновамен бірге келіп, бір тәулікке жуық уақыт демалған экс-министр соңында жан төзгісіз қылмысқа барған. Ол жұбайын үздіксіз ұрып-соғып, өлім халіне дейін жеткізген. Таңертең ессіз жатқан әйелге тек кешке бір-ақ «жедел жәрдем» шақырған. Бұл кезде марқұмның әлдеқашан бақилық болып кеткені анықталады. Күдікті тек 11 қараша күні ғана қамауға алынды.

Бишімбаевтың сот процесі 27 наурызда басталды. Істі Астана қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаева қарап жатыр. Сот сондай-ақ сотталушы Қуандық Бишімбаевтың талабы бойынша 12 адамнан тұратын алқабилер сотының қатысуымен өтуде.

 

Таңбалар: Қуандық Бишімбаевсот процесісудья

Ұқсас мақалалар

Перизат Қайрат сотқа Бауыржан Байбекті шұғыл жеткізуді талап етті
Жаңалықтар

Перизат Қайрат сотқа Бауыржан Байбекті шұғыл жеткізуді талап етті

14.07.2025
Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді
Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді

20.07.2024
Прокурор Бишімбаевтың неге өмір бойына сотталу жазасын алмағанын айтты
Жаңалықтар

Прокурор Бишімбаевтың неге өмір бойына сотталу жазасын алмағанын айтты

14.05.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist