9 Шілде, 13:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ақшаға сіңбірген қыз жұрттың ашу-ызасын туғызды

25 Сәуір 2020 13:15
- Жаңалықтар, Қоғам
Ақшаға сіңбірген қыз жұрттың ашу-ызасын туғызды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 25 сәуір. Бұрыннан өзін әртүрлі жағымсыз қылықтарымен көзге түсіп жүрген Ширин Нарчаева есімді азаматшаның он мың теңгелік ақшамен көз жасын, аузын, мұрнын сүртіп тұрғаны түсірілген видео жұрттың ашу-ызасын туғызып жатыр. Бұл туралы Neonomad.kz хабарлады.

Бейнежазбада блогершаның аталмыш купюрамен бет-аузын сүртіп тұрғаны көрсетіледі, ал астынан «Мен 42500 теңгені алған кезде» деген титр орыс тілінде жазылып шығады. Осыдан кейін қыз қыр көрсеткен қасақана түрде он мың теңгелік ақшамен мұрнын сіңбіріп, оны жарамсыз болып қалған қағаз ретінде лақтыра салады.

Еске сала кетейік, 42500 теңге – бұл мемлекеттің тұрғындарға төлейтін әлеуметтік төлемінің көлемі. Қазақстанның мұқтаж әлеуметтік топтары оны коронавирус пандемиясы салдарынан елде орын алған төтенше жағдай күшінде тұрған кезде алып тұратын болады.

Қазір дандайсып кеткен блогерсымақ бойжеткеннің мына бейбастақ әрекеті әлеуметтік желіні пайдаланушы қауымның арасында ашу-ыза туғызып жатыр. Олар мұның Қазақстанның ұлттық ақша символын қорлау, мазақ ету, табанға таптау, елге қыр көрсету деп бағалайды.

Мәселен, Kz.Sapargali деген блогер еліміздің 4 символының бірін тамам жұрттың алдында қорлап, оны әлеуметтік желіге таратқан бұзақының әрекетіне проекуратура органдары тез араласып, батыл тойтарыс беруі керектігін алға тартады.

«Мен билікті ТЖ кезінде мұнайдың бағасы төмендеп кетуіне байланысты туындаған бюджет қиындықтарына қарамастан, мемлекет беріп жатқан көмекті келеке еткен мына жүгенсізді 15 сөткеге отырғызуға шақырамын. Ұлттық валютаны қорлау деген – бұл бүкіл Қазақстан халқын және президенттің халыққа жасап жатқан көмегін қорлау», – делінген Фейсбуктегі келесі жазбалардың бірінде.

Бұдан кейін әлгі Ширин деген әлеуметтік желіге тағы бір видео жүктеп, онда өзінің алдыңғы жазбасының жай «актерлік ойын» болғанын айта келіп, көпшіліктен кешірім сұрады.

Әрине, мұндай ойын болмайды. Сосын Нарчаева деген «актерлік ойын» ойнайтын актриса да емес.

Таңбалар: Ширин Нарчаева

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist