26 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Amanat-тың депутаты Зеленскийге Түркияға шабуылдауға кеңес берді

30 Сәуір 2023 08:12
- Жаңалықтар, Таным
Amanat-тың депутаты Зеленскийге Түркияға шабуылдауға кеңес берді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 30 сәуір. Алматы қалалық мәслихатының депутаты Анна Башинская Украина президенті Володимир Зеленьскийге Түркияға шабуыл жасауды ұсынды. Бұл туралы ҚазТАГ дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Анна Башинская – Алматы қалалық мәслихатының VIII шақырылымына Amanat партиясы атынан сайланған депутат.

Қалалық құрылтайдың «гүл-гүлі» Украина президентіне Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауға кеңес береді. Мысқылдап. Өйткені, өзін ғана ақылды санайды, басқа жұрт ештеңе түсінбейді деп ойлайды.

«Ең жақсысы Түркия ғой, Зеленьский мырза! Онда жыл бойы күн жылы» деп жазады  «ақылы көп», бірақ «ниеті мүлде арам» депутатсымақ өзінің Facebook-тегі Deutsche Welle парақшасында.

Материалда Зеленьский РФ оккупанттары 2014 жылы жалған референдуммен басып алған Қырым түбегіне қарсы шабуыл жасап, оны Украинаның қарауына қайта алу жоспары бар екенін жеткізеді. Ол мұндай жоспарлың бар екенін Финляндия, Швеция, Дания және Норвегия журналистеріне берген сұхбатында да айтып өтті.

«Бізге қазір Донбасты жаудан тазартқаннан гөрі Қырымды қайтару едәуір жеңілге түседі. Біз Қырымның шетінен кіріп, бірінші селоны қайтарған кезден түбектегі орыстар жаппай қаша бастайды. Онда оккупацияның аяқталғанын күтіп жүрген халықтар аз емес. Солардың өздері-ақ басқыншыларды қуып тастауға кіріседі», – деді президент скандинав және фин елдері телеарналарының тілшілеріне.

Зеленьский Yle-ге берген сұхбатында Украинаның соғыста табысқа жетуі көбіне-көп Батыстың қаншалықты қаруландыратынына байланысты екенін ашып айтады. Олай болмаған жағдайда бұл соғыс бірнеше жылға, тіпті ондаған жылдарға созылып кететінін, ал оның соңы міндетті түрде Үшінші дүниежүзілік соғысқа алып баратынын баяндайды.

Әлеуметтік желідегі оқырмандардың барлығы дерлік Башинскаяның «ақыл-кеңесіне» аң-таң болып, оған дүрсе қоя берді. Оның Қазақстанның азаматы бола тұра, басқа елдің президентіне өзіне ешбір жаулығы жоқ дәулетке қарсы басқыншылық соғыс жүргізуге кеңес беріп отырғаны жұрттың бәрінің жағасын ұстатты.

Белгілі журналист әрі блогер Оңғар Қабден әлеуметтік желіде жеке жазба қалдырып, арам пиғылдағы алматылық депутатты қатты сынға алды. «Шұғыл түрде мынаның мандатын қайтарыңдар! Бұл қайдан шыққан бәле? Қырым – Украинаның жері! Оларға қай жаққа шабуылға шығу керек екенін нұсқайтын сен кімсің, Башинская? Қырым кімдікі екенін сен тұрмақ Тоқаев ьа айтпай жүр. Қазақстан Қырым Ресейдің жері екенін ресми мойындамайды! Енді Түркия мен Украина наразылық нотасын жолдай берсе де болады», – деп жазды ол.

Осы жазбаға байланысты жазылған комменттер арасында «Башинская басынан кеткен екен. Депутаттық мандатын қайтарту керек! Өзін де жер аударса, жөн болар еді, келген жағына…», «Дереу мандатынан айыру керек!», «Сепаратисиік пиғылдағы, фашистік расеяны қолдайтын тұлғалар қалай ғана біздің елде депутат болады?! Оны халық сайламаған, сол баяғы аты өшкір Аманат партиясы тағайындаған болар…» деген секілді пікірлер көптеп ұшырасады.

Расында үш бірдей мемлекеттің – Украина мен Түркияның, Украина мен Қазақстанның араларына от тастап, өзінің болашақ анық сепаратист екенін байқатып отырған бұл депутатсымақты мандатынан ғана емес, Қазақ елінің азаматтығынан да айыру керек шығар. Бір ұрты арам мұндайлар Қазақстанды да көктетпейді, кез келген уақытта сатып кетеді.

Таңбалар: Анна БашинскаясепаратизмУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist