18 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Amanat партиясы Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновті ұсынды

6 Ақпан 2024 13:20
- Жаңалықтар, Қоғам
Amanat партиясы Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновті ұсынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 6 ақпан. Парламент Мәжілісінің және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Олжас Абайұлы Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001 ж.) үздік бітірген, мамандығы «Заңгер». ІІ дәрежелі «Айбын» (2014 ж.) және «Даңқ» (2021 ж.) ордендерімен наградталған.

2002-2005 жылдары Алматы қаласы әділет басқармасы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2005-2006 жылдары Премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болды.

2006-2009 жылдары Президент әкімшілігінде жұмыс істеді.

2009-2012 жылдары Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2012-2014 жылдары Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы болды.

2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, Президент әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.

2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қалалық департаментінің басшысы болып еңбек етті.

2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары болды.

2018-2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

2019-2022 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды.

2022-2023 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылдан Президент әкімшілігінің жетекшісі болып қызмет етеді.

Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысатынын айта кетейік.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады.

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметін отставкаға жіберу туралы қаулыға қол қойды.

Премьер-министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарады. Ол бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары болған. Ал Үкімет мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы тағайындалғанға дейін өз міндетін атқара береді.

 

Таңбалар: аманаткандидатураОлжас Бектеновпремьер-министрұсыныс

Ұқсас мақалалар

Олжас Бектенов: Медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру шаралары жүріп жатыр
Жаңалықтар

Олжас Бектенов: Медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру шаралары жүріп жатыр

11.09.2026
Құрылтай Қариннің – Вице-президент, Бектеновтің Премьер-министр болуларын қолдады
Жаңалықтар

Құрылтай Қариннің – Вице-президент, Бектеновтің Премьер-министр болуларын қолдады

31.08.2026
Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады
Жаңалықтар

Тоқаев Пашинянды Армения премьері болып қайта сайлануымен құттықтады

04.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist