26 Тамыз, 11:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әдебиеттен Нобель сыйлығын танзаниялық Абдулразак Гурна алды

7 Қазан 2021 19:40
- Жаңалықтар, Руханият
Әдебиеттен Нобель сыйлығын танзаниялық Абдулразак Гурна алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

СТОКГОЛЬМ. 7 қазан. Швед академиясы 2021 жылғы Нобель сыйлығының әдебиет бойынша лауреатының есімін атады. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Сыйлық танзаниялық жазушы Абдулразак Гурнаға берілетін болып шешілді.

Академияның анықтамасында оған сыйлықтың Африка құрлығындағы отаршылдықтың және континенттер арасындағы босқындардың зардаптарын ой елегінен өткізудегі ымырасыздығы мен барынша азап шеккені үшін берілгені айтылған.

Былайынша айтқанда, сыйлық тіпті де оның туындысына беріліп отырмаған сияқты.

Абдулразак Гурна 1948 жылы Танзанияның Занзибар аралында туған. Босқындық дегеннің не екенін жастайынан көрген. 1968 жылы Англияға ағылшын тілін үйрену деген желеумен келген. Содан біржола қалып қойған. Қазір Британияда тұрады, шығармаларын ағылшын тілінде, реализм стилінде жазады. Діні – мұсылман. Жазушының белгілі романдары қатарында «Жұмақ» (1994) және «Қашқындық» (2005) бар. Соңғы романы 2017 жылы «Тасқа айналған жүрек» деген атпен шықты.

Африка құрлығы жазушылары арасынан Нобель сыйлығын мұның алдында алған нигериялық Воле Шойнике болды. Ол бұдан 35 жыл бұрын, 1986 жылы лауреат атанып еді.

Ал бұл жолғы үміткерлердің сапында француздың әйел жазушылары Анни Эрно мен Мариз Конде болды. Олардан басқа, бәсекелестер шоғырын Антуа және Барбудада туған жазушы әйел Джамайка Кинкейд, кениялық жазушы-драматург Нгуги Ва Тхионго, тегі үнділік Британия жазушысы Салман Рушди (Мұхаммед пайғамбарды келекелеп өлең жазған ақын бір жағы), норвегиялықтар драматург Юн Фоссе, жазушылар Карл Уве мен Даг Сульстад, канадалықтар ақын әйел Энн Карсон мен жазушы әйел Маргарет Этвуд құрады.

Байқалып тұрғандай, бұл жолы үміткерлер тізбегінде әйел жазушылардың саны айтарлықтай көп болған.

Прозаиктардың арасынан сондай-ақ жапон жазушысы Харуки Мураками тағы да көрінді. Бірақ бұл жолы да сыйлық оған бұйырмады. Дегенмен, дәл осы Муракамидің деңгейінен табыла алатын жазушылар біздің қазақта да аз емес шынында.

Таңбалар: Абдразак ГурнаНобель сыйлығыТанзания

Ұқсас мақалалар

Зеленський мен украиндар 2026 жылғы Нобель сыйлығына ұсынылды
Жаңалықтар

Зеленський мен украиндар 2026 жылғы Нобель сыйлығына ұсынылды

03.04.2026
Пәкістан Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды
Жаңалықтар

Пәкістан Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды

21.06.2025
Нобельдің әдебиет бойынша 2024 жылғы сыйлығы кореялық Хан Ганға берілді
Жаңалықтар

Нобельдің әдебиет бойынша 2024 жылғы сыйлығы кореялық Хан Ганға берілді

11.10.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist