Қазақстанда ковид жұқтыру рекорды тағы жалғасты
АСТАНА. 18 сәуір. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру саны 2 828-ге жетіп, мұның алдындағы күні тіркелген рекордтан 6 санға асып түсті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Ковидтің тарау деңгейі қазір Алматы мен Астана қалаларында айрықша екпін алып тұр. Одан кейінгі орындарды Қарағанды, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстары бермей келеді.
Сонымен, жаңа рекордтық цифр аймақтар бойынша былайша бөлініске түсті: Алматы қаласы – 677, Астана қаласы – 636, Алматы облысы – 243, Қарағанды облысы – 210, Ақтөбе облысы – 200, Атырау облысы – 127, Шымкент қаласы – 126, Батыс Қазақстан облысы – 109, Шығыс Қазақстан облысы – 105, Ақмола облысы – 102, Қызылорда облысы – 58, Түркістан облысы – 48, Солтүстік Қазақстан облысы – 45, Жамбыл облысы – 43, Павлодар облысы – 37, Маңғыстау облысы – 33, Қостанай облысы – 29.
Осы кезге дейін бүкіл елде 287 001 адам ковидпен ауырды. Олар аймақтар арасында мынадай бөлініске түседі: Алматы қаласы – 45 585, Астана қаласы – 39 332, Шығыс Қазақстан облысы – 23 801, Атырау облысы – 20 585, Қарағанды облысы – 20 519, Павлодар облысы – 19 781, Алматы облысы – 18 304, Батыс Қазақстан облысы – 17 065, Ақмола облысы – 16 762, Қостанай облысы – 14 365, Солтүстік Қазақстан облысы – 13 579, Шымкент қаласы – 8 181, Ақтөбе облысы – 7 484, Жамбыл облысы – 7 041, Маңғыстау облысы – 4 962, Түркістан облысы – 4 891, Қызылорда облысы – 4 763.
Қазірге дейін коронавирус инфекциясынан – 3 364, пневмониядан 748 адам қайтыс болды.
Өткен тәулікте Ресейде – 9 321 адамның, Өзбекстанда – 316 адамның, Қырғызстанда 265 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осы кезге дейін Ресейде – 4 693 469 адам, Өзбекстанда 86 338 адам ковидпен ауырса, Қырғызстанда бұл көрсеткіш 91 639-ға жетті. Ресейде осы кезге дейін бұл кеселден 105 193 адам офат болса, Өзбекстанда 636 адам, Қырғызстанда 1 546 адам көз жұмды.