Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Мұғалім оқушыға «екілік» қойғаны үшін оңбай таяқ жеді

ҚАРШИ. 12 сәуір. Өзбекстанның Қашқадария облысының Чирақчи ауданында бір мұғалім өз оқушысына екі деген баға қойғаны үшін оңбай таяқ жеп, ауруханаға түсті. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.

Оқиға 6 сәуір күні ауданның «Умақай» махалласында (қишлоғында) орын алған. Осындағы №134 Чирақчи орта мектебі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шохнур Оққузиевты бір оқушыға сабақта «екілік» қойғаны үшін оның ағалары жабылып сабап тастаған. Зардап шегуші осыдан кейін кеселханаға жатқызылған.

Кейін анықталғанындай, екі алған оқушы осы мектеп директорының рухани-ағарту жөніндегі орынбасары Абдуносир Хашимовтың баласы, ал мұғалімді жабылып ұрған жасөспірімдер сол баланың мектеп бітіріп кеткен ағалары екен.

Таяқ жеген мұғалім әлі Қаршидегі облыстық көп бейінді медициналық орталықтың нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жаты.

Облыстық құқық қорғау органдары болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, болған жайды тексеруге кірісті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button