Конгода құрамының 90 пайызы алтыннан тұратын тау табылды
КИНШАСА. 6 сәуір. Конго Демократиялық Республикасында топырағының құрамы алтын кендеріне аса бай тау жынысы табылды. Бұл туралы Toppress хабарлады.
Мұның дерегі алғаш рет биылғы ақпан айының соңында шықты. Сол жолы әлеуметтік желіде әлденеше ондаған адамның алтын кенін қолмен қазып жатқаны түсірілген бейнежазба тарады. Осыдан кейін елдің әр түкпірінен мыңдаған адам Оңтүстк Киву провинциясында тұрған аталмыш Лухихи тауына қарай ағылды.
Алтын тау провинция орталығы – Букаву қаласынан 50 шақырым жерде.
Бірақ билік тез есін жиып алып, жұрттың қазба байлықты өз еріктерімен келіп, қазып ала бастауына тыйым салды. Тыйым 5 наурыздан күшіне енген. Провинцияның тау-кен өнеркәсібі министрі Венант Буруме Мухигирва тау төңірегіне эксковаторлардың қаптап келе бастауы жергілікті тұрғындарды көтеріп жібергенін айтты.
Би-би-си тілшісі Тори Песиннің айтуынша, Лухихи тауындағы топырақтың 60-90 пайызы алтыннан тұрады екен.