Түрікменстанда мерекеге орай әйелдерге $17 тапсырылып жатыр
АШХАБАД. 5 наурыз. Түрікменстанда президент Гурбангулы Бердымухамедовтің өкімі бойынша қыз-келіншектерге Халықыралық әйелдер күні құрметіне ақшалай сыйлықтар тапсыру басталды. Бұл туралы «Хроника Туркменистана» хабарлады.
Сыйлықтың көлемі – 60 манаттан. Ол ресми бағаммен алғанда, 17 долларды (7 187 теңгені) құрайды. Бірақ «қара базарда» әр манат небәрі $1,9 доллар (803 теңге) ғана тұрады.
Ақшалай сыйлықты мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдарды жұмыс істейтін, зейнетақы немесе стипендия алатын әйелдер мен қыздар, мектеп оқушылары мен балалар бақшаларының тәрбиленушілері алады. Мұндай сыйлықтар президент атынан тапсырылғанымен, оларды бюджеттік ұйымдар береді.
Жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлікпен шұғыланатын әйелдер сыйлықтан құр-алақан қалады.