Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар
Башқұртстан оқушылары башқұрт тілінен емтихан тапсырады
УФА. 28 ақпан. Башқұртстан оқушылары мектеп бітірер кездерінде башқұрт тілінен қорытынды аттестация тапсырады. Бұл туралы «Национальный акцент» хабарлады.
Башқұртстан республикасының премьер-министрі Андрей Назаров қол қойған қаулыда осының жай-күйі түгел айтылған. Қаулы құқықтық аймақтық ақпарат порталында жарияланған.
Республика мектептерінің 11-сыныбын бітіретін түлектер мектеп бітірерде биылдан бастап башқұрт тілінен емтихан тапсырады. Оны қаржылық жағына қамтамасыз етуді Башқұртстанның білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады. Ол сонымен бірге етимханның өзінің тапсылу тәртібін бекітіп береді.