Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Роналду тарихтағы ең үздік шабуылшы болып танылды

ЖЕНЕВА. 22 қаңтар. Португалия құрамасының мүшесі Криштиану Роналду кәсіпқой футбол тарихындағы ең үздік мерген шабуылшы атанды. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» хабарлады.

Бұған кеше Туриннің «Ювентусы» мен Неапольдың «Наполи» командалары арасында өткен Суперкубок финалында Роналдудың бір гол соғуы тікелей себепкер болды. Осымен өзінің футболшылық мансабындағы 760-шы голын соғып отырған португал форварды ең үздік болып алға шықты. Ол осы арқылы бұған дейін 759 доппен көш бастап келген чехословак бомбардирі Йозеф Бицанды артта қалдырды.

Матч 2:0 есебімен «Ювентустың» пайдасына шешілді. Жеңімпаздар сапында Роналдудан бөлек Альваро Мората да көзге түсті. Бірінші голды Криштиану 64-минутта соқса, соңғы нүктені Альваро матчқа қосылған 5-минутта, яғни 95 минутта қойды.

Алайда, Чехия футбол ассоциациясы Роналдудың тарихтағы ең үздік бомбардир атанғанына қарсылық білдіріп жатыр. Федерациясы баспасөз қызметі осыған байланысты іле-шала мәлімдеме жасады. Ұйымның сайтында хабарланғандай, комиссия Йозеф Бицанның тарих пен статистикалық мәліметтер бойынша экс-форвардтың ресми матчтардағы барлық соққан доптарын есептеп шығарып, оны 821-ге жеткізген. Мәлімдемеде бұл тізімге оның бірінші және екінші лигада, Ұлттық кубоктар мен Орталық Еуропа кубоктары кездесулерінде, құрама команда сапында алған голдары енгізілгені айтылған.

Ал жалпы барлық ресми емес ойындардағы соғылған голдарды қоса есептегенде, бразилиялық Пеленің 1283 гол салғаны әлемдегі ең үздік көрсеткіш болып қала береді.

.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button