Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

«Өзбекстанда басшылық қызметте жүріп, мемлекеттік тілді білмеу – ұят»

ТАШКЕНТ. 8 қаңтар. Өзбекстан мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Абдугаффор Қырғызбаев бүгін осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы Kun.uz хабарлады.

«Бу – шармандалик, бу – уят. Майли, вазирлик ёки ташкилот раҳбари Америкада ўқиб келгандир, Германия, Англияда ўқиб келгандир. Унинг чет тилларини билиши жуда яхши, лекин Ўзбекистонда раҳбар лавозимида ишлаб, давлат тилини, она тилини билмаслик – бу шармандалик», – деді мансабқор, яки шенеунік өзінің сөзінде.

«Бұл – бейшаларық, бұл – ұят. Мейлі, министрліктің немесе ұйымның басшысы Америкада оқып келген болсын, Германия, Англияда оқып келсін. Оның шетел тілдерін білгендері тіпті жақсы, бірақ Өзбекстанда басшы лауазымында істеп отырып, мемлекет тілін, ана тілін білмесе – бұл шерменделік», – деді ол ашынып тұрып.

«Кейбір министрліктер мен ұйымдарда басшы немесе орынбасар мемлекеттік тілде жұмыс жасамаса, ал мәжілістерде мемлекеттік тілде сөйлемейтін болса, онда мемлекеттік тіл жөніндегі орынбасары жұмыс істемегені болып шығады, оған өзі кінәлі», – деді басқарма басшысы.

Әңгіме бүгін өткен латын негізіндегі өзбек тіліне арналған нұсқаулықтың қайта қаралған басылымының таныстырылымында көтерілді.

Қырғызбаевтың айтуынша, президент Шавкат Мирзиёев БҰҰ сессиясында өзбек тілінде сөйлеп, баршаға үлгі болды. Бүгінгі басшылар осыдан қорытынды шығарулары керек.

Басқарма басшысы бұл мәселе бойынша қаулы жобасы Министрлер Кабинетіне түскенін де айтты. Жоба бойынша кез келген қызметкер менеджментке қабылданар алдында мемлекеттік тілді білу деңгейінен тестілеуден өтеді.

Шешім 1 сәуірде күшіне енеді деп күтілуде.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button