Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Қызылордада пандемия кезінде 9,5 мың адам жұмыс тапты

ҚЫЗЫЛОРДА. 23 қараша. Қызылорда облысында пандемия кезінде 9,5 мыңға жуық адам жұмысқа орналасуы мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Аймақта биылғы жылға арналған «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында жалпы сомасы 38,9 млрд теңгеге 277 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген болатын. Жобаны жүзеге асыру барысында 9,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды.

Атап айтсақ, әлеуметтік-мәдени нысандарды салуға, күрделі және ағымдағы жөндеуге 17,2 млрд теңге бөлінді.Бұл қаржыға 126 жоба қолға алынып, 3946 жұмыс орнын ашу межеленген.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 6,8 млрд теңгеге 42 жоба әзірленіп, 1658 адам жұмысқа орналасқан. Ал инженерлік-көлік саласындағы 62 жобаға 12,5 млрд теңгеге бағытталып, 3474 тұрғынды жұмыспен қамтыды.

Елді мекендерді абаттандыруда 47 жоба жасалып, 2,4 млрд теңге қарастырылды. Нәтижесінде ауылдық жерлерде 899 жұмыс орны пайда болды. Жұмыспен қамту жол картасы жобаларында орташа жалақы – 88 242 теңгені құрады.

Жұмыспен қамтудың жол картасы жобалары аяқталғаннан кейін жаңа жобаларда 452 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button